Еуропа көшбасшылары Киевке барды

Жарияланды (жаңартылды )
Еуропа көшбасшылары Киевке барды/Фото: AP/Scanpix/LETA

Әлем көшбасшылары Ресейдің Украинаға басып кіруінің екі жылдығына байланысты Киевке келді. Бұл туралы golosameriki.com сайты хабарлады.

Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен сонымен қатар Италия, Канада және Бельгия премьер-министрлері – Джордж Мелони, Джастин Трюдо және Александр де Кро – Ресейдің Украинаға басып кіргеніне екінші жыл болғанына байланысты Украинаға ынтымақтастық білдіру үшін Киевке Польшадан түнгі пойызбен келді.

«Қазір біз Украина жағында бұрынғыдан да берік тұрмыз. Қаржылық, экономикалық, әскери, моральдық тұрғыда. Украина толық бостандық алғанға дейін», – деп жазды фон дер Ляйен Х әлеуметтік платформасында.

Еурокомиссия төрағасы Еуропа Украинаны «толық еркін» болғанға дейін қолдайды деп уәде берді.

«Біз екі жыл бұрын 24 ақпаннан бастап елі үшін соғысқан ерлер мен әйелдерге алғыс айту үшін жиналдық», – деді Мелони.

Басшылар Гостомельдегі әуежайға барды. Украина президенті Владимир Зеленский Батыс басшыларын жылы қарсы алды. Ол украиналықтарға ұялы телефон арқылы үндеу жазып, халқына алғыс айтты.

Сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен соғыс басталғалы бері 31 000 украиналық сарбаз қайтыс болғанын мәлім етті.

Reuters  хабарлауынша, Зеленский Ресей Украина аумағына толыққанды басып кіргелі екі жыл өтуіне орай Киевте баспасөз мәслихатын өткізді. Ол қайтыс болғандардың санын айтқанымен, жараланғандардың санын жариялай алмайтынын айтты. Себебі бұл Ресейдің әскери жоспарларына қосымша ақпарат болуы мүмкін.

«Бұл соғыста 31000 украин әскері қаза тапты. (Ресей президент Владимир – ред.) Путин айтқандай, 300 000 емес, 150 000 емес… Бірақ мұның өзі Украина үшін үлкен шығын», – деді Зеленский.

Сондай-ақ оқыңыз