Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН берудің жаңа ережесі енгізілді

Жарияланды (жаңартылды )
Шетелдіктерге ЖСН берудің жаңа ережесі енгізілді /Фото:архив kursiv.media

2024 жылы 24 ақпаннан бастап Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) берудің жаңа ережелері күшіне енді. Енді құжатты тек жеке өтініш арқылы ғана алуға болады.

Қазақстан Республикасының № 50-VIII тиісті Заңы 2023 жылдың 23 желтоқсан айында қабылданды. Ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң, жаңа ережелер күшіне енді.

Бұған дейін ЖСН үш тәсілмен берілген

  • Сенім білдірілген адамдар арқылы;
  • Қазақстан Республикасының елшілігінде;
  • Қазақстанның тіркеуші органына өзі бару арқылы.

Жаңа ереже

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, алғашқы екі әдіс енді қолжетімді емес. Енді қолданыстағы нұсқа Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жеке өтініш беру қажет.

ЖСН барлық мемлекеттік және қаржылық операция үшін өмір бойына бір-ақ рет беріледі. Онымен қазақстандық байланыс операторынан сим-картаны ресімдеуге, банктік немесе брокерлік шот ашуға, мемлекеттік органдарға өтініш беруге болады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру тәртібі қатаяды деп жазған едік.

Қазақстанда уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға жеке сәйкестендіру нөмірін беру және ЖСН-ге өзгеріс енгізу тәртібіне түзету енгізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына қатысты құжат «Ашық НҚА» порталына орналастырылды.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» арқылы жүзеге асырылады. Өтініш иелеріне ҚР аумақтық полиция органдары қызмет көрсетеді.

«Егер шетелдіктің жеке басты куәландыратын құжатында кириллицада немесе латынша нақтылау деректері (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жері және т.б.) болмаған жағдайда, құжаттың аудармасының тиісінше нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса беру қажет», – деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ оқыңыз