Жаңалықтар

Қазақстанда және әлемде қызметкерлерді міндетті сақтандыру қалай қолданылады?

Қазақстанда және әлемде қызметкерлерді міндетті сақтандыру қалай қолданылады? shutterstocks

Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ) мәліметтеріне сәйкес, дүниежүзінде жыл сайын өндірісте 374 миллионға жуық адам зардап шегеді. 2,78 млн өндірістегі өлім жағдайы тіркеледі. Бұл әлемдік жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 4 пайызын жоғалтуға дейін апарады. Жұмыстағы жарақаттарға қатысты төленетін өтемақының жалпы сомасы – шамамен 167 млрд доллар.

Әр мемлекетте қызметкерлерді міндетті сақтандыру бойынша жеке жүйе қолданылады. Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді зерттеп, Freedom Life ӨСК мамандары, ең жағымды жағдай жасалатын елдерді анықтады. Кейбір елдерде өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру медициналық сақтандырумен үйлестірілген, ал кей елдерде корпоративтік сақтандыру жаңадан пайда болған және даму кезеңінде.

Шет мемлекеттерде қызметкерлерді қалай сақтандырады

АҚШ

2022 жылы өндірісте 4,5 млн-ға жуық жарақат пен ауру жағдайы тіркелген. Америкалық денсаулық сақтау қоры зерттеу орталығының мәліметтеріне сәйкес, америкалықтардың тек 49 пайызы жұмыс берушінің сақтандыруына ие болған. Жұмыс берушілер өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бағдарламасынан басқа, қызметкерлердің денсаулық ахуалын анықтауға және созылмалы ауруларын емдеуге көмектесетін бағдарламаларын қолданады. Аталған бағдарламалар денсаулық тәуекелін бағалауды, биометриялық скрининг және денсаулықты нығайту бағдарламаларын қамтиды.

Қытай

Үндістан. Бұл елде корпоративтік сақтандыру нашар дамыған. Штаттық қызметкерлердің тек 39 пайызы өндірісте сақтандырылған. Елдегі компаниялардың  тек 5 пайызы өз қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетудің жиынтық нұсқаларын және уақытша жұмысқа жарамсыздығы, мүгедектігі және жұмыстағы жазатайым оқиға салдарынан өлімі бойынша шығындарын өтеуді ұсынады. Сондай-ақ 2023 жылы «Корпоративтік денсаулық ахуалы туралы есебі» тақырыбында жүргізілген зерттеу бойынша созылмалы аурулары бар қызметкерлердің жұмыс беруші тарапынан қолдауды сезінбейтінін анықтады.

2021 жылы тек 354 млн адам (халық саны – 1,412 млрд адам) қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандырылған. Өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бағдарламасы тәуекелдер тізбесіне кіргізілген және әлеуметтік сақтандырумен қамтылған. Өндірісте жарақаттанған немесе кәсіби ауруға шалдыққан қызметкерлер толық еңбекақы алуға және емделу кезеңінде ай сайын төленетін жеңілдіктерді пайдалануға құқылы. Әдетте ол 12 айдан аспайды. Әлеуметтік сақтандыру медициналық шығындарын, сауықтыру, мекендеу және тамақтану шығындарын өтейді.

Франция

Еңбекке орналастырылған халықтың 96 пайызы қызметкерді міндетті сақтандыру полисін иеленген. Қызметкерлер үшін жұмыстағы сақтандыру жағдайларын қамту, соның ішінде, медициналық қызмет көрсету бойынша кең ауқымды қамтулар ұсынылады. Жеңіл жарақаттар немесе ауру кезінде, пациенттерге емделу және қалпына келу шығындары 70 пайызға дейін қайтарылады. Денсаулығы ауыр жағдайларда – шығындары 100 пайыз қамтылады.

Жапония

Халық саны 126 млн адамды құрайтын елде еңбекқабілетті азаматтардың 77,8 миллионы өндірісте сақтандырылған. Барлық жұмыс берушілер өздерінің толық немесе жартылай толық жұмыс істейтін қызметкерлерін сақтандыруға тиіс. Қызметкерлерді сақтандыру бойынша медициналық қызмет көрсету, табысынан айырылу, қызметкерге мүгедектік тағайындау немесе қызметкердің кәсібилік себептеріне байланысты яки жұмыс кезіндегі жазатайым оқиға салдарынан болған өлімі қарастырылған. Аталған сақтандыру кез келген медициналық емделудің 70 пайыз құнын қамтиды. Сонымен қатар Жапонияда жарақаттанған немесе қатты ауырған кезде қалған шығындарының 30 пайызын өтеу үшін қызметкерлер қосымша сақтандыруды жекеше тәртіпте ресімдейді.

Біріккен Араб Әмірліктері

Бұл елде қызметкерлерді сақтандыру жақында пайда болды. Бұрын компаниялар әрбір жалдаған қызметкері бойынша банк кепілдемесін 3 мың дирхам (366,2 мың теңге) көлемінде төлейтін. 2022 жылдың маусымынан бастап заңнамаға өзгертулер енгізілді. Аталған кепілдеме орнына жұмыс берушілерге қызметкерлерді сақтандыру шартын жасасу мүмкіндігі берілді (WPP Insurance). Сақтандыру қаржылық қорғауды қамтамасыз етеді, егер:

  • Қызметкерге еңбекақы төленбесе;
  • Міндетін өтеу бойынша жәрдемақы төленбеген жағдайда;
  • Жұмыс орнында жарақаттану кезінде емдеу шығындары қамтылмаса;
  • Репатриация шығындары өтелмесе.

Уругвай

Елде еңбекке қабілетті халықтың 90 пайызынан астамы сақтандырылған. Қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі жиынтық түрде қолданылады. Өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыруды, зейнетақылық қамтамасыз ету, жұмыссыздықты сақтандыру, медициналық сақтандыруды қамтиды. Әлеуметтік қамтамасыз ету жарналары міндетті болып саналады және еңбекақыға байланысты, соның ішінде, сыйлықақыны қосқанда. Комиссиялық сыйақыны жұмыс беруші мен қызметкердің өзі төлейді.

Сингапур

Қызметкерлерді сақтандыру үлесі елдегі кәсіпорындардың 99 пайызына таралады. Өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру – міндетті сақтандыру полисі. Ол жұмыс барысында жарақаттанған немесе ауруға шалдыққан барлық қызметкерге өтемақы төлеуді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар жұмыс берушілер жұмыс орнындағы қауіпті айқындауға және өз қызметкерлерін жарақаттанудан қорғау үшін тәуекелді азайту шараларын қолдану бойынша жауапты. Қазіргі күнде Сингапур өндірістегі жарақаттанудан сақтандыруды кеңейтуді жоспарлап отыр және 2024 жылдың аяғында заңнамаға енгізілетін өзгертулерге сәйкес, қызметкерлерге зейнетақылық қамтамасыз етуді, тамақ жеткізу қызметкерлері, такси, қоғамдық көлік жүргізушілері үшін сақтандыруды қамтамасыз етуді жоспарлауда. Жаңа ережелер 73 мың қызметкерлерге тиесілі болады. 

Қазақстандағы қызметкерлерді сақтандыру

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметі бойынша, 2023 жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасына сәйкес сақтандырылғандар саны 16,6 млн адамды құраған (халық саны – 20 млн адам). Қазіргі сәтте қызметкерлерді міндетті медициналық сақтандыру ставкасы – еңбекақы мөлшерінің 3 пайызын құрайды. Аталған сома қызметкердің еңбекақысынан шегерілмейді, оны жұмыс беруші төлейді.

«Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» ҚР заңына сәйкес, әр жұмыс беруші өз қызметкерімен сақтандыру шартын жасасуға міндетті. Сақтандыру мерзімі – 12 ай. Құны жеке белгіленеді және экономикалық қызмет түріне және жылдық еңбекақы төлем қорына байланысты.

Ұлттық банк статистикасына сәйкес, қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша 2023 жылы сақтандыру сыйлықақысының көлемі 87 млрд теңгені құраған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22,9 пайызға артық. 2023 жылы сақтандыру жарналарының көлемі 14,9 млрд теңгені құраған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда, 145,7 пайызға көп.