Alibaba негізін қалаушы Джек Ма қаржыландырған Fintech Ant Group Қытайдағы Credit Suisse филиалы үшін сауда-саттықта американдық Citadel Securities маркетмейкерінің бағасын күтпеген жерден бұзды. Бұл туралы Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. Credit Suisse-тің қазіргі иесі Citadel өтінімі мен анағұрлым тиімді, бірақ қауіпті Fintech Ant Group ұсынысын таңдауы керек.
Толығырақ
Ant Group-тың қытайлық Credit Suisse бөлімшесін сатып алу туралы өтініші мұқият талданады. Себебі Пекин шетелдік сатып алушыға артықшылық береді, дейді Bloomberg дереккөздері. Қытайдағы Credit Suisse бөлімшесі инвестициялық банктік және брокерлік қызметке лицензиясы бар. Ақпарат агенттігінің айтуынша, Қытай билігі бұл лицензияны Швейцария банкіне елдің қаржы секторын жаһандық бәсекелестікті арттыру үшін берген.
Былтыр наурыз айында Credit Suisse –ті сатып алған UBS-ге таңдау жасау керек болып тұр. Швейцарияның ең ірі банкі Credit Suisse платформасы үшін сатып алушыны табуы керек. Себебі Қытайда осындай лицензиясы бар бағалы қағаздар компаниясы бар. Енді UBS Бейжің мақұлдайтын Citadel өтініші мен Қытай билігінің қарсылығына тап болуы мүмкін Fintech Ant Group компаниясының ұсынысын таңдауы керек. Яғни екі ұсыныстың бірін қабылдауы тиіс.
Credit Suisse Қытай бизнесін уысына түсіргісі келетін басқа да нарық ойыншыларымен келіссөз жүргізілуде.
Миллиардер Кен Гриффиннің жаһандық жалғыз компаниясы Citadel Securities-сауда-саттыққа өтініш бергенін Bloomberg сарапшылары жазған болатын. Олардың айтуынша, Citadel Қытай бөлімшесі үшін 1,5 миллиард юаньнан (210 миллион доллар) 2 миллиард юаньға дейін қаржы ұсынды. Ал, UBS Credit Suisse-тің қытайлық серіктесі Founder Securities үлесін қосқанда шамамен 2 миллиард юань сұрады.
Нарық әсері
Alibaba акциялары Гонконгтағы сауда-саттықта 1% – дан астам төмендеді. Уақыт өте келе құнды қағаздар 0,3% – ға дейін арзандады. Базалық Гонконг қор биржасының индексі Hang Seng 0,6% жоғалтты.
Сатып алушыны іздеу
Қытайдағы Credit Suisse бөлімшесін сатып алуға өтінімдерді жинау А-акциялар нарығы шетелдік капиталдың кетуімен және IPO-ны бақылауды күшейтумен күресіп жатқан жағдайда орын алды, -деп атап өтті Reuters.
2008 жылы UBS банктің Credit Suisse-бен бірігуі әлемдік қаржы дағдарысынан кейінгі ең ірі банктік бірігу болды. Себебі Швейцария билігі өздерінің ең көне Банкінің күйреуіне жол бермеу үшін өткен жылы асығыс шара жасады
Биылғы жылы Азиядағы батыс инвестициялық банктердегі жұмыс орындары қысқарады. Өйткені Жапония мен Үндістандағы мәмілелердің болашағы жақсарып жатқанына қарамастан, Қытайдағы экономикалық табысқа қысымдар артып келеді, деп жазды Reuters агенттігі.
Соның ішінде UBS алдағы айларда қызметкерлерді қысқартуды жоспарлап отыр. Себебі швейцариялық инвестициялық банктің Қытайға бағытталған банкирлерінің саны Credit Suisse сатып алғаннан кейін өсті, деп хабарлады Reuters дереккөзі.