Жаңалықтар

Xiaomi 20 млн премиум тұтынушыға электромобиль шығарады

Xiaomi 20 миллион премиум пайдаланушыға арналған электромобиль шығарады / Фото:mi.com

Смартфондар мен тұрмыстық техника өндірушісі Xiaomi 20 миллион премиум тұтынушыға арналған электромобиль шығаратынын мәлімдеді. Бұл туралы CNBC агенттігі хабарлады.

Xiaomi стратегиясының маңызды бөлігі– смартфондар және компания сататын тұрмыстық техниканы көлік құрылғылармен байланыстыратын операциялық жүйе жасау.

«Бұл біз үшін жақсы бастама деп санаймыз. Өйткені Қытайда смартфонды пайдаланатын 20 миллион премиум пайдаланушымыз бар»,- деді Xiaomi Group президенті Вейбинг Лу CNBC дүйсенбіде басталатын Барселонадағы Дүниежүзілік Мобильді конгресте автокөліктің халықаралық тұсаукесері алдында.

Сондай-ақ, Лу бағасы сәл арзандау автомобиль мен люкс көлікке дейінгі  баға шегін қарастырғанын айтты. Оның айтуынша, компания бұл өндіріске 10 миллиард доллар жұмсаған.

 Canalys мәліметтері бойынша,  штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан компания смартфондар нарығының көшбасшысы. Xiaomi,  Apple және Samsung компанияларынан кейін әлемдік тасымал бойынша үшінші орында. Технология нарығын талдау компаниясының деректеріне сүйенсек, Xiaomi әлемдік нарықтың шамамен 13% -ын иемденіп, 2023 жылы 146,4 миллион смартфон сатқан.

Соңғы жылдары компания өз қызметін смартфон арқылы басқарылатын теледидарлар мен тұрмыстық техника өндірісін арттырып жатыр. Xiaomi компаниясының кірісінің көп бөлігі телефон саудасынан келеді. Ал кірістің 30% -ға жуығы тұрмыстық техника мен басқа да тұтыну тауарларынан түседі. Xiaomi әлемге көбінесе қол жетімді өнімдермен танымал болды.

Еске сала кетсек, былтыр Xiaomi өзінің алғашқы электромобилін ұсынды деп жазған едік.

Қытайдың электроника өндірушісі Xiaomi Corp. өзінің алғашқы электромобилін таныстырды. Компания алдағы 15-20 жылда әлемдегі жетекші автоөндірушілердің бірі болуға ниетін білдірді.

«SU 7 (Speed Ultra) деп аталатын бес орындықты седан бір батареядығы заряды 800 шақырымға дейін жетеді. Электромобиль бір сағатта 265 км жүре алады», -деді Xiaomi басшысы Лэй Цзюнь.

Su7 батареяларын Қытай нарығының көшбасшылары Contemporary Amperex Technology және BYD Co кәсіпорындары шығарады.

«Xiaomi-дің мақсаты – Porsche және Tesla сияқты көліктер шығару», – деді Лэй Цзюнь.

Компания алғаш рет электромобильді 2021 жылы шығару жоспарын жариялаған.