«Майқайыңалтын» кенішінде құтқару жұмыстары жалғаса ма – Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жауап берді

Жарияланды
Майқайыңалтын АҚ
«Майқайыңалтын» АҚ кенішінде құтқару жұмыстары рұқсат етілген жағдайда қайта жалғасады / Фото: ТЖМ

«Майқайыңалтын» АҚ кенішінде іздестіру-құтқару жұмыстары рұқсат етілген жағдайда, қайта жанданады. Әзірге траншеяны кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жайлы «Курсивке» Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Департаменттің хабарлауынша іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылғанымен шұңқыр маңындағы траншеяның бүйірін құлаған жердің түбіне дейін кеңейту және тереңдету бойынша инженерлік-геологиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Яғни шұңқыр маңын құтқару жұмыстарын жүргізуге ыңғайлау жұмыстары жүзеге асырылуда.

«Қазіргі уақытта «Майқайыңалтын» АҚ күшімен траншеяның бүйірін құлаған жердің түбіне дейін кеңейту және тереңдету бойынша инженерлік-геологиялық жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде 2024 жылғы 7 ақпаннан жылдан бастап 142 890 тонна топырақ пен тау массасы шығарылды. Құлаған жердің түбіне жеткенде, жұмыстарды жүргізуге рұқсат алған жағдайда, іздестіру-құтқару жұмыстарын Павлодар облысының ТЖД күштері және КӘАҚҚ РО Павлодар филиалы қайта бастайды»,– делінген департамент жауабында.

Жұмыс не үшін тоқтады? Құтқару жұмыстары 4 ақпанда тоқтаған. Апат орнында «GRP-RIDDER-GROUP» ЖШС апат болған жерде тескеріс жүргізген. Нәтижесінде тау жыныстары құлаған шұңқырдан техника, металл объектілері анықталған. Сонымен бірге бос орындар анықталып, топырақтың әлсіреген құрылымдарының бар екенін, жалпы топырақ құрылымы өзгергенін анықтаған.

«Қуыстар мен ойылған жерлер бар. Құлау қаупі өте жоғары. Осы учаскеде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу іздестіру-құтқару жұмыстарының барлық қатысушылары
үшін қауіп өте жоғары. 2024 жылы 4 ақпанда апатты жою басшысының шешімімен
«Майқайыңалтын» АҚ Майқайың жерасты кенішінің директоры А. С. Шувалов және Апатты жою басшысының орынбасары – КӘАҚҚ РОШ ЖШС Павлодар филиалының орынбасары Е. А.Жаркимбеков жұмыс істейтін құтқарушыларға қауіптің туындауына байланысты жұмыстарды тоқтатты», –
деп хабарлайды департамент.

Құтқару жұмыстары тоқтағанымен, құтқарушылар инженерлік-техникалық қызмет көрсету аймағында жедел кезекшілік атқарып жатыр. Құтқарушылардың мәлімдеуінше, өңірдегі ауа райының қиындығына қарамастан, инженерлік-геологиялық жұмыстар тоқтамаған.

«Майқайыналтын» АҚ күшімен инженерлік-геологиялық жұмыстар аязға және желдің күшеюіне қармастан тәулік бойы жүргізілуде. Бұдан басқа ТЖ департаменті күн сайын инженерлік-геологиялық жұмыстардың барысында, тартылған техниканынң санына және шығарылған топырақ пен тау массасының мөлшеріне бақылау жүргізеді, борттар мен шұңқырдың түбін визуалды тексеру жүргізеді»,– делінген хабарламада.

Автобустың орнын анықтау үшін қандай шаралар жүргізілді? Департаменттің хабарлауынша, ауыр техниканың құлаған жеріне шығу үшін жол төсеу және бағаналы жолды кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілген. Көрнекі және кинологиялық барлаумен қатар, автобустың болжамды орналасқан жерін анықтау үшін құлаған жерге апаттың түбін сканерлеуге арналған жабдықтары бар кәсіпорындар шақырылған. Апатты орынды сканерлеу бойынша жүргізілген іс-шаралар барысында әртүрлі қалыптан тыс учаскелерді анықтаған. Оларда қазба жұмыстары кезінде әртүрлі металл заттар, құбырлар, рельстер, металл бөлшектер мен автобустың фрагменттері табылған.

Апат жайлы

Еске сала кетсек, «Майқайың» кенішіндегі апат 4 қаңтарда болды. Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ шахтасына құтқарушылар мінген автобус құлап кетті.

Кейін «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ТЖД құтқарушылары құмнан 2 адамның мәйіті табылғанын  жариялады.

5 қаңтарда кеніш аумағында іздестіру-құтқару жұмысы аяқталмағаны, шахтаға құлап кеткен 2 адам әлі табылмағаны мәлімделді.

9 қаңтарда бұрынғы ТЖМ басшысы Сырым Шәріпханов «Майқайыңалтын» шахтасындағы құтқару жұмысы қашан аяқталатыны белгісіз екенін мәлімдеді.

15 қаңтарда «Майқайыңалтын» АҚ бұрынғы жұмысшылары басшыларын айыптап, кеніштегі апатқа объективті тексеру жүргізуді талап етті. Мемлекеттік комиссия мүшелеріне ашық хат жолдады. Олар қайғылы оқиғаға комбинат басшысының салғырттығы себеп болғанын айтты. 

Мәжіліс отырысында депутаттар құзырлы орган басшыларына осы шахта жұмысы туралы сауал жолдап, құлаған жердің астына бұрындары шахта болғанын ешкім ескертпегенін айтты. Тіпті үстінен жол салған және сол жолды қызметкерлер осы күнге дейін пайдаланып келгені де айтылды. Ал, техникалық қауіпсіздік шараларына сай, ол жерді қоршауға алып, қауіпті зона ретінде оқшаулануы керек болған.

«Шағын ауданның асты да шахтаға айналып кеткен дейді. Кен қазу барысындағы жарылыстардан үй іргесі солқылдап кететінін айтып отыр. 100-ге жуық шаңырақ орналасқан аумақ, қазіргі опырылып құлаған жерден небәрі 500 метр қашықтықта орналасқан», – деді депутат Жарқынбек Амантайұлы.

Прокуратура 2024 жылдың 4 қаңтарында екі адамнан көп адамның өліміне əкеп соққан тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлады. Пррокуратураның мәлімдеуінше, кəсіпорынның өнеркəсіптік алаңы 10 мыңға жуық тұрғыны бар Майқайың кентінің жанында орналасқан. Павлодар облысы əкімдігінің 12.02.2013 жылғы №39/2 қаулысымен айқындалған шекарасы 500 метр. Ауданы 17 гектардан астам Санитариялық-қорғау аймағына 206 жер учаскесі кіретінін, оның ішінде 311 адам тұратын ғимараттарымен 103 учаске бар екенін анықтаған.

«Прокуратура органдары аталған учаскелер бойынша жергілікті атқарушы
органның əрбір актісінің заңдылығын зерделеуде», –деп хабарлады прокуратура.

Сондай-ақ оқыңыз