Domino’s Pizza акциялары қымбаттады
Қаржылық есебін жариялағаннан кейін Domino’s Pizza акциялары өсті. Компания көрсеткіштері сарапшылардың болжамынан асып түсті. Соның ішінде компания тұтынушыларға тегін пицца тарату арқылы сұранысты арттырды.
Акция
Бұл ретте сауда-саттық қорытындысы бойынша Domino ‘ s Pizza акциялары 5,85% – ға, яғни 459 долларға дейін қымбаттады. Сессия барысында құнды қағаздардың өсуі 10% – ға жетті.
Domino ‘ s Pizza есебі
• Domino ‘s Pizza төртінші тоқсандағы таза кірісі 157,3 миллион долларды құрады. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,6% төмен. Бұл ретте EPS көрсеткіші 1,1%- ға, 4,48 долларға дейін өсті.
• Таза кірістің төмендеуі мен EPS-тің бір мезгілде өсуіне өткен жылы Domino ‘ s Pizza-ның өз акцияларын 269 миллион долларға кері сатып алуы ықпал еткен. Соның нәтижесінде EPS есептеу кезінде құнды қағаздар саны 35,72 млн-нан 35,14 миллион данаға дейін қысқарды.
• Тоқсандық кірісі 0,8% – ға өсіп, 1,4 млрд долларды құрады. Төртінші тоқсанда АҚШ-та пицца сатылым 2,8% – ға өсті.
• Domino ‘s Pizza-ның директорлар кеңесі тоқсандық дивидендтердің бір акцияға шаққанда 25% – дан 1,51 долларға дейін өсуін мақұлдады.
Domino ‘ s Pizza компаниясының тағы бір жетістігі- тұтынушыларының белсенді өсуі. Компания 2023 жылы олардың санының 10% – ға, яғни 33 миллион адамға дейін артқанын хабарлады.
Тегін пиццаларды таратудың мақсаты- тұтынушыларды жақтаушылар бағдарламасына тарту болды. Мақсат орындалды деп атап өтті Domino’s Pizza қаржы директоры Сандип Редди.
Сарапшылар не ұсынады
Көптеген сарапшылар Domino’s Pizza акцияларын сатып алуды ұсынды. WSJ мәліметтері бойынша, компанияны бақылап отырған 32 сарапшының 18-і құнды қағаздарды сатып алуға кеңес берді. 13 сарапшы әзірге қағаздарды портфельде ұстауда ұсынса, ал біреуі оларды сатуға кеңес берді.
Еске сала кетсек, қаржы есебінен кейін Zoom акциялары қымбаттады деп жазған едік.