Қор нарығына шолу: Жапондық құнды қағаздар рекордтық деңгейге көтерілді

Жарияланды
Еуропа қор нарықтары құлдырады /Фото: REUTERS/Brendan McDermid

Дүйсенбі күні АҚШ-тың негізгі қор индекстері бойынша аса үлкен өзгеріс болған жоқ. Dow Jones индексі 0,16%-ға, S&P 500 0,38%-ға және Nasdaq 0,13%-ға төмендеді. Бұл туралы KASE-нің қор нарығына шолуында жариялады.

 S&P индексіндегі 11 сектордың 8-і мұнай-газ секторын, технология секторын және тұтыну тауарларын қоспағанда төмен нәтиже көрсетті.

Berkshire Hathaway акциялары 1,99%-ға төмендеді. Nvidia акциялары 0,35%-ға өсті. Ал басқа ірі технологиялық компаниялардың акциялары әртүрлі динамиканы көрсетті.

Еуропа қор нарығы да сарапшылардың көңілін көншітпеді. STOXX 600 индексі 0,4%-ға төмендеді. Тау-кен өнеркәсібі компаниялары құнды қағаздары 2%-ға төмендеп, ал коммуналдық кәсіпорындардың акциялары 1,2%-ға құлдырады. Ал даниялық Zealand Pharma компаниясының құнды қағаздары 38,9%-ға өссе,Hellofresh азық-түлік жеткізу қызметінің акциялары 7,5%-ға төмендеді.

Сейсенбі күні Nikkei 225 индексі бойынша аса өзгерістер байқалған жоқ. Жапондық акциялар рекордтық деңгейге көтерілді. Қаңтар айында Жапонияда инфляцияның жалпы қарқыны 2% – ға дейін баяулады. SoftBank Group (+2,7%) және Nippon Steel (+2,3%) құнды қағаздарында айтарлықтай өсім байқалды.

Shanghai Composite индексі сейсенбіде 0,4% – ға өсіп, 2988-ге жетті. Hongbo Co (+3,1%), Seres Group (+5,9%) және Shanghai Kelai (+10%) компанияларының құнды қағаздары айтарлықтай өсті.

Мәскеу биржасының индексі дүйсенбіде 2,26% – ға 3 213,17-ге дейін өсті.

Еске сала кетсек, кеше S&P 500 индексіндегі ралли, Berkshire Hathaway рекорд орнатқаны жайлы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз