Жаңалықтар

Google Gemini чат-ботын «екі аптадан» кейін қайта іске қосады

Google Gemini чат-ботын «екі аптадан» кейін қайта іске қосады / Фото:shutterstocks

Google компаниясына тиесілі Gemini чат-ботын әзірлеушілер алдағы екі аптада пайдаланушылардың сұранысына байланысты суреттерді өңдеу функциясын қайта іске қосады. Өткен аптада чат-бот келбеті еуропалыққа ұқсайтын адамдардың суреттерін өңдеуден бас тартқаны туралы  шағымдардан кейін Google Gemini қосымшасының жұмысын тоқтатқан.

Google DeepMind компаниясының бас директоры Демис Хассабис Барселонада өткен Mobile World конференциясында компания алдағы апталарда кескін генераторын қайта іске қосуға үміттенетінін айтты.

«Біз тарихи дәлдікке мән береміз, сондықтан біз  чат-боттағы қателіктерді түзетудеміз. Алдағы екі аптада қосымшаны іске қосуға тырысамыз», — деді Хассабис.

Google жақында іске қосылған Gemini флагмандық чат-ботына адамдардың суреттерін жариялауға уақытша тыйым салды. Бұл шешімге пайдаланушылар тарапынан Gemini-ге қатысты өте көп шағымдануы ықпал етті. Олар чат-ботты нәсілшіл деп айыптаған болатын.

Google DeepMind басшысының айтуынша, Gemini-ді пайдаланушылар көптеген елдерде бар. Сондықтан өңделген суреттер «әмбебап мүмкіндіктер ауқымын» көрсетуі керек болған, – деді Хассабис.

Нарық реакциясы

26 ақпанда негізгі сауда сессиясындағы Аlphabet акциялары 4,4%-ға арзандады.

«Google-дің жасанды интеллект саласында үлкен мүмкіндіктері бар. Бірақ Уолл-стрит бұған дұрыс мән бермейді. Gemini кедергілерге тап болды, бірақ біз Google-ді жасанды интеллект революциясының негізгі жеңімпаздарының бірі деп санаймыз», — дейді Wedbush сарапшысы Дэниел Айвз.

Еске сала кетсек, Google Gemini чат-ботына адамдардың суреттерін жариялауға тыйым салды деп жазған едік.

Google -дің бұрынғы қызметкері X желісінде Gemini жасаған «австралиялық» және «неміс» қыздарының суреттеріy бөлісті және «Gemini үшін ақ нәсілді адамдар бар екенін мойындау өте қиын болды» деп жазды.

Өзін Google инженері деп атайтын қолданушы Gemini чат-ботынан «ортағасырлық Британ королінің бейнесін салуды» сұраған. Бірақ оның орнына қара нәсілді ер адамның және шығыс әйелінің суреттерін жасап берген.