Қаржы есебінен кейін Zoom акциялары қымбаттады

Жарияланды
Компания акциялары компания қаржы есебін жариялағаннан кейін қымбаттады/Фото:Compare Fibre/Unspla

Қаржы есебін жариялағаннан кейін, Zoom бейне операторының акциялары өсті. Zoom көрсеткіштері сарапшылардың күткенінен де асып түсті. Сонымен қатар компания 1,5 миллиард доллар көлемінде құнды қағаз сатып алғанын хабарлады.

Акция

Нью-Йоркте Zoom акциялары 69,68 доллардан сатылды. Бұл негізгі сессияның жабылуынан 10,4% қымбат. MarketWatch мәліметтері бойынша, компанияның құнды қағаздары негізгі сессиядан кейін 13% -ға қымбаттады.

Бұл ретте компания қаржы есебін жариялағанға дейін негізгі сауда-саттықты 0,4% – ға төмен бағамен аяқтады. Пандемия басталған кезде жаппай қашықтан жұмыс істеуге көшіп, рекордтық көрсеткішке жеткен Zoom акциялары өткен жылы тек 6,6%-ға ғана қымбаттады. 2024 жылдың басынан бері компания акциялары құнының 12%-ын жоғалтты.

Zoom есебі

* 31 қаңтарда аяқталған тоқсандағы түсім шамамен  $1,15 млрд құрады (валюта бағамын ескере отырып). Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7% – ға көп. Компания көрсеткіші FactSet сауалнамасына қатысқан сарапшылардың күткенінен асып түсті: олар түсім $1,13 миллиард доллар болатынын болжаған, деп атап өтті WSJ.

* Түзету енгізілген табыс (non-GAAP) 440 миллион долларды құрады. Ал акциядан түскен пайда (EPS) 1,42 долларға жетті.

*Zoom кірісі бір жыл ішінде  $4,56 млрд-қа жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8% – ға жоғары. 12 ай ішінде түзету енгізілген пайда 1,6 миллиард долларды құрады.

* Корпоративтік клиенттер саны бір жылда 3,5%-ға артты. Яғни 220 400-ге дейін өсті.

* Компания басшылығы осы жылы $1,5 млрд дейінгі сомаға акцияларды кері сатып алу бағдарламасын мақұлдады.

Компания

Zoom 2025 жылы бірінші тоқсанында (сәуірде аяқталады) түсім $1,125 млрд, ал EPS $1,18 — $1,2 млрд-ты құрайды деп болжап отыр.

Жылдың қорытындысы бойынша түсім $ 4,6 млрд деңгейінде, ал EPS $4,85 -$4,88 аралығында болады деп күтілуде.

Zoom компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Эрик Юанның айтуынша, компанияда ұжымдық жұмысқа арналған  Zoom Тeam Chat  мүмкіндіктерін монетизациялау бойынша әлі де көп жұмыс істеу қажет. Компанияның мәліметінше, соңғы алты айда қосымшаны жүктеу саны төрт есе өсті.

Сарапшылар ұсынысы

Қазір Zoom-ды бақылап отырған 34 сарапшының жетеуі ғана инвесторларға компанияның акцияларын сатып алуды ұсынады. WSJ деректерінен үш сарапшы Оverweight рейтингін (сала бойынша орташадан жоғары) белгілегенін көруге болады. Сарапшылардың жартысынан көбі (22) әзірге қағаздарды портфельде ұстауда ұсынса, ал екеуі олардан құтылуға кеңес берді.

Еске сала кетсек, технологиялық сектордағы жаһандық компаниялар жыл басынан бері 34 мыңнан астам адамды жұмыстан шығарды деп жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз