Fitch Ratings агенттігі Қатар инвесторына сатылатын Bereke bank-тің рейтингін төмендетпек

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Bereke Bank-тің

Халықаралық Fitch  Ratings  агенттігі Bereke bank-тің қатарлық инвестор – Lesha Bank-ке сатылған соң рейтингі төмендейтінін ескертті. Бұл туралы агенттік хабарламасында жазылған.

Агенттік сарапшылар өз шешімін банк қатарлық инвесторға сатылған соң, мемлекет қолдауынан айырылады деп түсіндіреді. Bereke Bank-тің шетелдік және жергілікті валюталардағы ұзақ мерзімді эмитенттік дефолт рейтингін агенттік ВВ «Жағымсыз» тізіміне орналастырған.

«Bereke Bank рейтингі және ұлттық рейтингіндегі өзгерістер банктің Lesha Bank сатылымы аяқталса, оның рейтингі төмендетілуі мүмкін деген болжамын байқатады Сатылымнан кейін Қазақстан үкіметінен немесе жаңа акционерден қолдау алу ықтималдығы белгісіз және «BB» ұзақ мерзімді ЭДР ұсынғаннан төмен болады деп есептейміз», – делінген хабарлама.

Қатар елінің Lesha Bank компаниясы  «Бәйтерек» ұлттық компаниясына тиесілі банкті сатып алатыны белгілі.

Bereke банк тарихы

Қатар инвест банкі Lesha Bank 2024 жылғы 14 ақпанда «Бәйтерек» холдингімен сатып алу туралы алдын ала келісім жасасқан.

Инвестор Bereke Bank-тің бүкіл акционерлік капиталын сатып алатыны белгілі. Сондай-ақ мәміле тараптардың болашақта жасалатын түпкілікті келісім шарттарын сәтті келісуіне байланысты.

2023 жылы қазанда ҚНРДА басшысы Мәдина Әбілқасымова қатарлық инвесторлар Bereke Bank-ты сатып алуға мүдделі екенін айтқан.

Bereke bank – 2022 жылдың наурызында АҚШ-тың санкцияларына ұшыраған Сбербанктің бұрынғы еншілес ұйымы. АҚШ санкциясына ұшыраған соң, халықаралық төлем жүйелерінен ажырап қалған болатын. Ал 2022 жылдың қыркүйегінде ресейлік Сбербанк оны «Бәйтерек» ұлттық холдингіне сатты. Келісімнен кейін қаржы институты атауын Bereke Bank деп өзгертті.

2023 жылдың 8 наурызында АҚШ Қаржы министрлігінің Шетел активтерін бақылау жөніндегі басқармасы (OFAC) қаржы институтын Specially Designated Nationals (SDN) санкциялық тізімінен және секторлық санкциялар тізімінен (SSI) шығарды.

ҚНРДА төрағасының орынбасары Олжас Қизатов «Бәйтерек» холдингі Bereke bank-ті сатқанда, мемлекет жұмсаған қаражат толық өтеледі деп сендірген.

Ұлттық банк мәліметі бойынша, бұл банк 1,5 триллион теңге активімен ЕДБ арасында тоғызыншы орында тұр. 1,4 трлн теңгесі – міндеттемелер. Меншікті капитал 131,4 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз