Apple vision Pro көзілдірігі Kaspi-де сатылымға шықты

Жарияланды
Очки Apple Vision Pro появились в казахстанских маркетплейсах. Казахстанцам со средней зарплатой придется копить на них больше полугода
 Көзілдірігі Kaspi-де сатылымға шықты/Фото: Shutterstock

Kaspi-де Apple компаниясының Apple vision Pro  көзілдірігі сатылымға шықты. Олардың бағасы жады көлеміне байланысты. Яғни 1,9 млн-нан бастап, 2,5 млн теңгеге дейін.

256 Гб жадысы бар көзілдірікті 1,9 млн теңгеге, 512 ГБ – 2 млн, ал 1024 ГБ – 2,5 млн теңгеге сатып алуға болады.

Қазақстандықтар жаңа Apple vision Pro-ны сатып алу үшін қанша ақша жинау қажет

Статистика бюросының деректеріне сәйкес, елдегі орташа  жалақы- 393 605 теңге. Ең қымбат моделді сатып алу үшін орташа жалақыны жеті ай бойы жинау қажет. Егер барлық жалақыны үнемдеуге мүмкіндік болмаса, онда ай сайын жалақының 25%-ын жинаған жағдайда екі жылда сатып алуға болады.

2 ақпан күні АҚШ-та бағасы 3500 доллар тұратын Apple Vision Pro кеңейтілген шындық гарнитурасының сатылымы басталды.

Америкалық Microsoft корпорациясы әлемдегі ең қымбат компаниялар рейтингінде Apple-ді басып озды.

Apple акциялары 0,3%-ға төмендеп, компанияның нарықтық капиталы 2,886 триллион долларды құрады. Microsoft пен Apple жылдар бойы бірінші орын үшін таласып келеді. Microsoft 2018 жылы қысқа мерзімге Apple-ден озып жүрді. Сонымен бірге 2021 жылы COVID пандемиясына байланысты iPhone жеткізілімінің тізбегі бұзылған кезде Microsoft қысқа мерзімге Apple компаниясын басып озған.

«Microsoft корпорациясының Apple-ді басып озатыны анық еді. Өйткені Microsoft жылдам дамып келеді және генеративті AI революциясынан көп пайда көреді», – деді DA Davidson талдаушысы Гил Лурия.

Redburn Atlantic брокері Apple акцияларын «бейтарап» деңгейге дейін төмендетті. Брокер пікірінше «Қытайдағы жағдай алдағы жылдары өнімділіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін». Одан бөлек 41 сарапшының үшеуі 2024 жылдан бастап Apple рейтингін төмендеткен.

Сондай-ақ оқыңыз