Beyond Мeat акциялары негізгі сауда-саттық жабылғаннан кейін көтерілді

Жарияланды
Beyond Мeat акциялары негізгі сауда-саттық жабылғаннан кейін көтерілді/ Фото:REUTERS/Shannon Stapleton/File Photo

Beyond Meat котлет өндірушісінің құнды қағаздары Нью-Йорктегі негізгі сауда-саттықтан кейін күрт қымбаттады. Дегенмен компанияның тоқсандық шығыны Уолл-стрит күткеннен де нашар болды.

Сейсенбіде негізгі сауда-саттықта  Beyond Meat акциялары 0,9% өсім деңгейінде жабылды. Құнды қағаздар бағасы 13,17 долларды құрады. Бұл негізгі сессияның жабылу бағасынан 75% – ға асып түсіп, 103% -ға жетті, деп жазды MarketWatch.

Beyond Meat есебі

• Сауда-саттық біткеннен кейін, компания төртінші тоқсанда шығыны 155,1 миллион долларға немесе бір акцияға 2,4 долларға дейін өскенін хабарлады. Бұл көрсеткіш сарапшылар болжамынан әлдеқайда нашар болды. FactSet сауалнамасына қатысқан сарапшылар бір акцияға 89 цент шығын күткен, деп атап өтті WSJ.

• Компания 2024 жылы кірісті 315 миллион доллардан 345 миллион долларға дейін өсу мүмкіндігін күтеді, деп жазады WSJ.

• Beyond Мeat өсімдік негізіндегі ет алмастырғыштар. Бірақ, кәдімгі етке қарағанда бағасы қымбат. Сұраныстың төмендеуін жеңу үшін компания McDonald ‘ s және Yum фастфуд желісіне котлеттерді жеткізеді. Сонымен қатар компания бағаны төмендетіп, өткен жылы жұмыс орындарын қысқартты. Компанияның өнімдеріне деген  сұраныс Еуропада елдерінде әлі де сақталады. Beyond Meat бас директоры Итан Браун компания осы жылы операциялық шығындарды » қысқартады» деп уәде берді.

Сарапшылар кеңесі

WSJ ақпаратына сәйкес, өткен жылы компания акцияларының құны 27% – дан астам төмендеді. Қазір бірде-бір сарапшы компанияның құнды қағаздарын сатып алуды ұсынбайды.

Айта кетейік, бүгін Bitcoin курсы, Saudi Chemical шығындары, Citi алтын мен мұнай болжамдары туралы жаздық.

Сондай-ақ оқыңыз