Әлсіз болжамнан кейін, Snowflake бағалы қағаздары 20% арзандады
Snowflake бұлтты қызмет көрсету операторы компаниясының акциялары сәрсенбі күні Нью-Йорктегі сауда-саттық аяқталғаннан кейін төмендеді. Сондай-ақ, компания бірінші тоқсанға әлсіз болжам жасап, басшылықтың өзгергенін хабарлады.
CNBC ақпараты бойынша, негізгі сессия жабылғаннан кейін, компания өзінің нәтижелері мен болжамын жариялаған кезде, Snowflake акциялары 24%-ға құлдырады. Нью-Йорк бойынша сағат 19:31-де құнды қағаздар 19,87% – ға арзандады.
Компания есебі
• Snowflake төртінші тоқсандағы кірісі 32%-ға, 774,7 миллион долларға дейін өсті. Reuters есеп беру кезіндегі нәтижелер сарапшылар болжамынан да асып түскенін айтады. Олар кіріс 759,3 миллион доллар болады деп ойлаған.
• Тоқсандағы таза шығын 18% – ға, 169,35 млн долларға дейін төмендеді.
• 2024 жылы кіріс 2,8 млрд долларды құрады (2,66 млрд доллар-өнімді сатудан). Яғни 36% – ға ұлғайды. Бір жылдағы таза шығын 5% – ға, 838 млн долларға дейін өсті. Бір акцияға шаққандағы жылдық шығын 2% – ға, 2,55 долларға дейін өсті.
• Компания 2025 жылы бірінші тоқсанында өнімді сатудан түсетін кірісті 745-750 миллион доллар болуы мүмкін деп болжайды. Reuters агенттігі компанияның болжамы сарапшылардың күткеннен де нашар дейді. Сарапшылар 2025 жылы тоқсандық кірісті 765 миллион доллар деп болжаған еді.
Жаңа CEO
Сәрсенбі күні Snowflake 2019 жылы компанияны басқарған бас директоры Фрэнк Слотманның кететіні белгілі болды. Ол 2020 жылы Snowflake компаниясын IPO-ны сәтті өткізген еді. CNBC енді оның орнына Google-дің бұрынғы жарнама директоры Шридхар Рамасвами келетінің хабарлады.
Сарапшылар пікірі
WSJ деректеріне сәйкес, Snowflake акцияларын бақылайтын 44 сарапшының 23-і оларды сатып алуға, 15 -і сақтауға, екеуі сатуға кеңес береді. Ал тағы төртеуі оларға Overweight рейтингін берді (сала бойынша орташа деңгейден жоғары).
Айта кетейік, кеше Beyond Мeat акциялары негізгі сауда-саттық жабылғаннан кейін көтерілгенін жаздық.