Салмақ тастауға көмектесетін препараты сынақтан сәтті өткен соң, Vivani акциялары 300%-ға шарықтады

Жарияланды
Vivani акциялары 300% көтерілді/ Фото: Louis Reed on Unsplash

Vivani Medical фармацевтикалық компаниясының бағалы қағаздары бір күнде төрт есеге қымбаттады. Компания арықтау үшін жылына екі рет қана енгізілуі қажет тері астындағы  импланттың Ozempic инъекцияларымен бірге тиімділігін көрсетті деп мәлімдеді.

Толығырақ

Нью-Йорктегі сауда- саттықтың жабылу кезінде Vivani акциялары 3,74 долларды құрады. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткішке қарағанда 270% қымбат. Сәрсенбі күні сауда-саттық көтерілген кезде акция бағасы 7,8 долларға жетті.

Акция

Vivani артық салмақпен немесе екінші типті қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған тері астындағы имплант сынақтары сәтті өткенін хабарлады.

NPM-115 импланты бойынша сынақ арнайы семіз тышқандарға жүргізілді. Компанияның пікірінше, NPM-115  имплантатын тышқандарға енгізу сынақтары 28 күн жүргізілді. Сынақтан өткен тышқандар 20% салмақ тастады. Нәтижесінде тышқандарға семаглутид инъекцияларын енгізу арқасында (Ozempic және Wegovy инъекцияларының белсенді ингредиенті) салмақ тастағаны анықталды.

Тағы бір тәжірибе барысында сау егеуқұйрықтарға екінші типті қант диабетін емдеу және алдын алу мақсатында гипогликемиялық препараты бар  NPM-139 имплантаты енгізілді. Бұл имплантты 15 апта бойы енгізу нәтижесінде егеуқұйрықтар 25%  салмақ тастаған.

Компания NPM -115 имплантатын жылына екі рет, ал NPM-139-ды жылына бір рет енгізуді ұсынды.

Reuters-тің мәліметіне сүйенсек, кейбір сарапшылар онжылдықтың аяғында салмақ тастауға арналған дәрі-дәрмектер нарығы кем дегенде 100 миллиард долларға жетеді деп болжанды. Қазіргі кезде бұл нарықта екі компания басым – Wegovy  және Zepbound инъекцияларын шығаратын даниялық Novo Nordisk және америкалық Eli Lilly компаниялары.

Ақпан айында әлемдегі ең қымбат фармацевтикалық компания Eli Lilly-ның құнды қағаздары барлық сауда-саттық кезінде рекорд орнатты. Кейбір сарапшылардың пікірінше,  компанияның артық салмақ түсіретін Zen bound препараты тарихтағы ең көп сатылым көрсеткен. Novo Nordisk өткен жылы Еуропадағы ең қымбат компанияға айналды. 2024 жылдың қаңтарында Novo- ның нарықтық құны алғаш рет 500 миллиард доллардан асты.

Сарапшылар пікірі

WSJ деректеріне сәйкес, Vivani акцияларын зерттеген сарапшы құнды қағаздарды сатып алуды ұсынды. Акциялардың бір данасы- 4 долларды құрады.

Айта кетейік, былтыр АҚШ-та семіздік пен қант диабетіне қарсы дәрі-дәрмектерді жарнамалау шығындары 20%-ға өскен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз