Жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды

коллаж kursiv.media

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақүйі және Ұлттық музейге қатысты қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев Арыстанбек Мұхамедиұлын түпкілікті 12 жылға соттауды сұрады.

2023 жылдың қыркүйегінде Арыстанбек Мұхамедиұлына елордадағы «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолмен алды деген күдікпен қылмыстық іс бойынша сот процесі басталған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, 2019 жылы Арыстанбек Мұхамедиұлына елордадағы «Дипломат» қонақүйінің иесі, кәсіпкер К. жүгінген. Экс-министр оған 2,5 млрд теңге беруге келісіп, оның орнына қонақүйдің жарғылық капиталының 71%-ын енесінің атына жазып беруді ұсынған. Осылайша ол қонақүйді толық иемденіп алмақ болған.

2023 жылдың 11 желтоқсанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаевтың қаулысымын «Дипломат» қонақүйі мен Ұлттық музейге қатысты тағы бір іс біріктірілді.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға, оның әйелі Ғалия Ысқақова 6 айға, оның қорғаушысы болған Мұстахим Төлеев 6 жыл 8 айға сотталды деп хабарлаған. Олар пара беруге оқталған, делдалдық қызмет атқарған, алаяқтық жасағаны үшін сотталған.

Еске сала кетсек, экс шенеунік бұған дейін 8 жылға сотталған болатын.

Онда Арыстанбек Мұхамедиұлы 2020 жылы Ұлттық музейді басқарып тұрған кезде мемлекет қаражатын жымқырды деп айыпталған.