Жапония валюта бағамының шамадан тыс құлдырауына қарсы тиісті шаралар қабылдауға дайын. Бұл туралы G20 елдерінің кездесуінде қаржы министрінің орынбасары Масато Канда айтты.
Оның сөзінше, ресми Токио шикізат импортының құнын арттыру арқылы жергілікті бизнес пен бөлшек саудагерлерге қолдау көрсетпек. Осылайша иеннің долларға шаққандағы құлдырауы жергілікті бизнеске қатты соққы болмайды.
«Егер валюта бағамы шамадан тыс ауытқитын болса, тиісті шараларды қолдануға дайынбыз. Алайда мен бағамның неліктен құлдырап кеткенін түсіндіре алмаймын»,–деді Масато Канда.
Reuters ақпаратына сүйенсек, жапон иені жыл басындағы ең нашар көрсеткішке ие ұлттық валютаға айналған. АҚШ пен Жапония арасында пайыздық мөлшерлемедегі алшақтық эммитенттер табысына тікелей әсер ете бастаған.
Жыл басынан бері иен бағамы 6% құлдырап, бір доллар үшін 150,00 деңгейіне түскен. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 1990 жылы болған, бір доллар үшін 152 иен.
Осыған дейін Жапония үкіметі соңғы рет 2022 жылы валюта сатылымына тікелей араласып, долларды сату-сатып алу мерзімін шектеген. Осыдан кейін ел валютасы қайта тұрақтаған.
Бұдан бөлек, сарапшылар алдағы уақытты Жапон ұлттық банкі иен бағамына әсер ету үшін пайыздық мөлшерлемені түсіруі мүмкін екенін айтады.