«Бәйтерек» сатып алу ережелерін отандық тауарлардың үлесін арттыру жағына қайта қарау керек – Бектенов

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Отандық тауарлардың үлесін арттыру бойынша «Бәйтерек» саясаты қайта қаралады /Фото: primeminister.kz

«Бәйтерек» сатып алу ережелерін отандық тауарлардың үлесін арттыру жағына қайта қарау керек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында айтты.

Жиында 2023 жылға арналған Инвестициялық саясат талаптарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынылды.

«Бәйтерек» сатып алу ережелерін отандық тауарлардың үлесін түбегейлі арттыру жағына қарай қысқа мерзімде қайта қарау қажет деді», – Үкімет басшысы.

Сонымен қатар оның айтуынша, мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындар елішілік құндылықты үнемі арттырып отыруы керек.

«Бәйтерек» холдингі және басқа да даму институттары арқылы экономиканың белгілі бір кәсіпорындары мен салаларын қолдауға қомақты қаражат бөліп отырмыз. Сондықтан барлық іс-шара елішілік құндылықтың артуына ықпал етуі керек. Егер біз кәсіпкерге қолдау көрсетер болсақ, ол Қазақстанда қазір импорттап отырған тауарлардың өндірісін жолға қою, жұмыскерлердің еңбек өнімділігі мен жалақы деңгейін арттыру, қосалқы мердігерлер немесе жеткізушілер ретінде отандық кәсіпорындарды тарту сияқты қарсы міндеттемелерді де өзіне алуы тиіс», — деді Олжас Бектенов.

Премьер-Министр қазіргі уақытта Үкімет елішілік құндылықты арттыру және отандық өндірісті дамыту жөніндегі шаралар кешенін дайындап жатқанын айтты.

Жуырда «Бәйтерек» ұлттық холдингінің төрағасы тағайындалды.

2023 жылдың 9 айында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі 400,1 млрд теңге пайда тапқан. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйектен биылғы көрсеткіш 2,3 есе өскен.

Холдинг активтері 9,3%-ға, 12,2 трлн теңгеден 13,4 трлн-ға дейін жетті. Міндеттемелері де 6%-ға көбейді. Осылайша 10,7 трлн теңгені құрады. Компанияның меншікті капиталы да жақсы өсім байқатты. Көрсеткіш 25,2% -2,1 трлн-нан 2,6 трлн теңгеге дейін артты.

2023 жылғы 30 қыркүйекте холдинг құрылымына сегіз еншілес ұйым кіреді. Олар мемлекеттік саясатты және мемлекеттік бағдарламаларды іске асырумен айналысады.

Сондай-ақ оқыңыз