Жаңалықтар

AMD капиталдандыру алғаш рет 300 миллиард доллардан асты

AMD акциялары/ Фото:Timothy Dykes / Unsplash

Чип өндіретін Advanced Micro Devices (AMD) компаниясының акциялары бейсенбі күні 9% – ға өсті. Ал капиталдандыру алғаш рет 300 млрд доллардан асты.

Бейсенбі күні Нью-Йорктегі сауда-саттықтың жабылу кезінде AMD бағалы қағаздары 192,53 долларды құрады. Бұл сәрсенбідегі жабылу бағасынан 9,06% жоғары.

The Wall Street Journal ақпаратына сәйкес, компанияның нарықтық құны  311 млрд доллардан жоғары көтеріліп, ал капиталдандыру деңгейін еңсеру алғаш рет 300 млрд доллардан асты.

AMD акциялары

Сарапшылардың пайымдауынша, компанияның құнды қағаздарының қымбаттауы, жасанды интеллект процессорларын өндірудегі көшбасшы Nvidia акцияларының өсуіне байланысты.The Motley Fool  Nvidia акцияларының өсуі автоматты түрде бұл саладағы басқа компаниялары үшін де  тиімді дейді.

NVIDIA акциялары бейсенбіде 1,9% – ға өсіп, 791,12 долларға жетті. Tigress Financial сарапшысы Иван Фейнсет бір күн бұрын компания акцияларының өсуіне әсер еткен жазбаны жариялады, деп атап өтті басылым. Онда сарапшы NVIDIA акцияларының болжамды бағасын 790 доллардан 985 долларға дейін көтеді. Бұл  деген қазіргі деңгейден 25% – ға жоғары.

Сарапшылар пікірі

WSJ деректеріне сүйенсек, сарапшылар компанияның одан әрі өсу перспективаларын көреді. Компанияны бақылайтын 48 сарапшының 30-ы оның акцияларын сатып алуға, ал 10-ы  ұстауға кеңес берді. Жеті сарапшы қағаздарға Overweight рейтингін берді (компанияның акцияларыорташа деігейден асып түсуі мүмкін), біреуі Underweight (динамика орташа деңгейден нашар болады).

Айта кетейік, Duolingo акциялары «рекордтық» тоқсаннан кейін 20%-дан асты.