Budweiser Қытайдағы бөлшек сауда дүкендеріне «премиум» сыраны жеткізуді арттырады

Жарияланды
Қытайдаңы сыра саудасы артады/ Фото:Maarten van den Heuvel / Unsplash

Қытайдағы Budweiser компаниясы мейрамхана мен сыраханаларға емес, енді бөлшек сауда дүкендеріне «премиум» сыраларды жеткізуді жоспарлап отыр.  Бұл сұраныстың төмендеуіне жол бермес үшін қабылданған шара.

Budweiser Brewing Company APAC, Anheuser-Busch InBev-тің азиялық бөлімшесі. Биыл  Budweiser сырасы мен Corona және Blue Girl «супер премиум» сұрыптарын Қытай қалаларына сатуды кеңейтуге ниетті, деді компанияның бас директоры Ян Крапс Bloomberg-ке берген сұхбатында.

Сонымен қатар, компания алдағы уақытта бөлшек сауда желілері арқылы сыра сатуды ұлғайтпақшы. Өйткені елдегі тұтынушылардың көбі мейрамханаларға бармай, сусындарды дүкеннен сатып алуды жөн көреді.

Budweiser және премиум сусындардың сатылымы компанияның қаржылық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етті. Осылайша, қымбат сыраны сату төртінші тоқсандағы кірістің 11,1% – ға өсуін қамтамасыз етті. Bloomberg бұл ретте Қытайда арзан сыраларға сұраныстың төмендеуіне байланысты сату көлемі 3,1% – ға қысқарды дейді.

АҚШ-та Budweiser ең танымал және қол жетімді сыра. Бірақ Қытайда ол әлі де  премиум санатындағы сыраға жатады.

Баға қақтығысы

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Corona, Hoegaarden және Budweiser сияқты сорттар қаңтар айының соңында Tmall электронды алаңында 52% дейін жеңілдіктер ұсынды. Негізгі бәсекелестер-Tsingtao Brewery және Carlsberg компаниялары бағаны тек 28% және 20% ғана төмендетті.

Крапс агенттігіне берген сұхбатында компания әдетте премиум сорттардың бағасын төмендетпейтінін, бірақ бұл тек елдегі сатылымдардың аз бөлігін құрайтын электрондық платформа арқылы сату үшін жасалуы мүмкін екенін атап өтті. Компания биылғы жылы өз өнімдеріне жеңілдіктер жасауды жоспарламайды, деді ол.

Сарапшылар пікірі

Бейсенбі күні Гонконгта сатылатын Budweiser APAC акциялары 6,6% – ға төмендеді. WSJ мәліметтері бойынша, компанияның акцияларын бақылайтын сарапшылар оларға жоғары рейтинг берді. 24 сарапшының 16-сы акцияларды сатып алуға, үшеуі ұстауға кеңес берді. Тағы бесеуі оларға Overweight рейтингін берді.

Euronext биржасында Budweiser APAC бас компаниясы Anheuser-Busch InBev акциялары 3,2% – ға 55,7 еуроға дейін төмендеді.

Айта кетейік, AMD капиталдандыру алғаш рет 300 миллиард доллардан асты деп жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз