Жаңалықтар

Duolingo акциялары «рекордтық» тоқсаннан кейін 20%-дан асып кетті

Duolingo акциялары 22% көтерілді / Фото: careers.duolingo.com

Duolingo онлайн оқыту платформасының операциялық көрсеткіштері мен жақын болашаққа деген оң болжамдары арқасында бағалы қағаздарының құны қымбаттады. Duolingo- бір жағынан жасанды интеллектіден де алыс емес. Сондықтан инвесторлардың қызығушылығын тудыратын платформа болғандықтан, акцияларының өсуі тегін емес.

Толығырақ

Market Watch ақпаратына сүйенсек, Duolingo акциялары NASDAQ постмаркетінде 22% – ға өсті. Компания төртінші тоқсандағы «рекордтық» көрсеткіші  аудиторияның өсуі мен кірістің арқасында жақсы аяқталды.

Өткен тоқсанда Duolingo-ның күнделікті аудиториясы жылдық мәнде 65%-ға өсіп, 27 миллион адамға жетті. Ай сайын пайдаланушылар саны бір жарым есеге жуық, яғни шамамен 88 млн-ға дейін өсті.

Duolingo компаниясы өткен тоқсанда 12,1 миллион доллар табыс тапты. Кіріс 45%-ға, 151 миллион долларға дейін артты.

Ағымдағы тоқсанда Duolingo  164-167 млн доллар шамасындағы түсімді болжап отыр. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша, табыс 717,5 млн доллардан  729,5 млн долларға дейін өскен. Компания өткен жылдың жоғары базасына байланысты биыл пайдаланушылар санының өсуі «аздап» баяулайды деп күтеді. Былтыр қараша айында компания пайдаланушыларды көптеп тарту үшін математика және музыка курстарын бастаған болатын.

Duolingo және жасанды интеллект

Duolingo акциялары өткен жылы 2,1 есе өсті. Bloomberg инвесторлар компанияның ЖИ төңірегіндегі жаңалықтарынан кейін жақсы көрсеткіштер күтетіндігін жазды. Қаңтар айында Duolingo өзінің мердігерлерінің санын 10%-ға қысқартты. Компания оқуды жекешелендіргісі келетін пайдаланушылар үшін  ЖИ чат-ботымен жаңа премиум деңгей енгізді.

«Duolingo ЖИ ақпараттармен тәжірибе жасауды жалғастырады»,- деді компанияның қаржы директоры Мэттью Скаруппа инвесторларға.

Оның айтуынша, Duolingo қосымша құрылғыларды қосуды қарастыруда. Бірақ компанияның нақты мерзімі немесе тиісті жол картасы әлі жоқ.

Duolingo 2021 жылы көпшілікке жария болды. Компанияның IPO-дағы бағасы 3,4 миллиард доллардан асты. Duolingo-ның қазіргі капитализациясы 8,2 миллиард долларды құрайды. Оның акциялары сәрсенбіде Nasdaq негізгі сауда сессиясының жабылуына қарай 195,5 долларға сатылды.

Айта кетейік, Apple компаниясы электромобиль шығару жобасын тоқтатып, жасанды интеллект әзірлеуді қолға алмақ.