Тоқаев ЕАЭО елдерінің ұлттық валютасын Қазақстаннан шығаруға рұқсат берді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тоқаев ЕАЭО елдерінің ұлттық валютасын Қазақстаннан шығаруға рұқсат берді / shutterstock

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктерге ЕАЭО елдерінің ұлттық валютасын Қазақстаннан шығаруға рұқсат берді.

28 ақпанда Президент қолма-қол шетел валютасы мен қазақстандық алтын құймаларын Қазақстаннан шығаруға тыйым салған құжатты күшін жойып, өзгерістер енгізді.

«Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1-бөлімнің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Ұлттық банк шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 грамм тазартылған алтынның алтын құймалары Қазақстан Республикасы, сондай-ақ тазартылған алтын 100 грамнан астам»; 1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) Екінші деңгейдегі банктердің осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілмеген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қолма-қол ұлттық валютасын әкетуі»,– делінген Тоқаевтың жарлығында

Яғни Президент Қазақстаннан Altyn Barys алтыны мен Kúmis Barys күмісі түріндегі инвестициялық монеталарды әкету туралы тыйымның күшін жойды. Сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттердің ұлттық валютасын қолма-қол әкетуіне рұқсат берді.

Шетелге қандай валюта шығаруға болады?

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 343-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер ЕАЭО кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.

Алайда елдің ұлттық мүдделерін қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығы қолданыста. Онда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады.

Сонымен қатар «Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі №124 шешіміне сәйкес, 16 жасқа толмаған жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтер, аталған тұлғалармен бірге жүретін тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтермен бірге бір жолаушы кедендік декларацияда көрсетіледі.

Осылайша, отбасының әрбір мүшесіне (оның ішінде 16 жасқа толмаған балалар да бар) 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан аспайтын қолма-қол шетел валютасын әкетуге рұқсат етіледі.

Сондай-ақ оқыңыз