Ақпанда Brent 2,3%-ға, WTI 3,2%-ға қымбаттады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Мұнай бағасы қымбаттады Архив: kursiv.media

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы барреліне 83,18 долларға дейін 1,27 долларға (1,55%) өсті.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада сәуір айындағы WTI фьючерстері осы уақытқа дейін барреліне 1,25 долларға (1,6%) қымбаттап, 79,51 долларды құрады.

Brent 2,3%-ға, WTI 3,2%-ға қымбаттады

Ақпан айында Brent 2,3%-ға, WTI 3,2%-ға қымбаттады. Екі брендтің де бағасы екінші ай қатарынан өсіп келеді.

Argus мәліметтеріне сәйкес, ақпан айында Приморск портында (FOB) Urals мұнайына дисконт Brent үшін барреліне 17,68 долларды құрады. Бұған дейін қаңтарда барреліне 18,34 доллар болған.

Urals бағасы құбылды ма?

Приморскідегі Urals мұнайының ақпандағы бағасы бір баррель 66,23 долларға дейін өсті. Қаңтарда баға 61,92 долларды құрады. Новороссийск портында ресейлік «қара алтын» ақпанда барреліне 17,45 долларға дейін төмендеді. Ал өткен айда орташа баға 66,45 долларды құрады. Қаңтарда бұл көрсеткіш барреліне 62,36 доллар болды.

Осылайша, ақпанда Urals мұнайының орташа бағасы барреліне шамамен 66,3 долларды құрады. Бұл қаңтардағы көрсеткіштен 6,7%-ға жоғары.

Argus мәліметінше, Үндістан порттарындағы (DAP West Coast India) ресейлік Ural мұнайының құны ақпанда барреліне 80,11 долларға дейін өсті. Бір ай бұрын баға 76,46 доллар болған. Ал Brent бағасына дисконт қаңтардағы деңгейде – барреліне 3,8 доллар болып қалды.

Козьмино портынан сатылған ресейлік мұнайдың тағы бір сұрыпты ESPO бағасы ақпанда барреліне 76,52 долларға дейін көтерілді. Ал дисконт қаңтардағы барреліне 4,39 доллардан ақпанда 3,63 долларға дейін төмендеді.

Мұнай бағасы Таяу Шығыс пен Ливиядағы шиеленістің күшеюіне байланысты құбылып тұр. Апта соңына қарай мұнай бағасы қымбаттады. Сарапшылардың пайымынша, әлемдік «қара алтын» нарығына Таяу Шығыс пен Ливиядағы шиеленістің күшеюі ықпал етті.

Еске сала кетсек, бұған дейін қаңтарда Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің құны барреліне 79,16 долларды құрады. Бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы көрсеткіштен 1,57 доллар (2,02%) жоғары болды.

Бағаның өсуіне Иранда генерал Касем Сүлеймани бейітіндегі жарылыстардан жүзге жуық адамның қаза тапқаны туралы хабар ықпал етті. Сондай-ақ Ливиядағы наразылық акциялардың әсері болды.

Сондай-ақ оқыңыз