Каспий теңізінің жағалауында 100 гектар аумақта қамыс өртеніп жатыр

Жарияланды
Каспий  жағалауында 100 гектар аумақта қамыс өртеніп жатыр/Фото:архив kursiv.media

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында 100 гектар аумақта қамыс өртенді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

 2 наурыз күні сағат 15:45-те Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде Құрманғазы орманшылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 100 гектар алаңда қамыс жанды.

ҚР ТЖМ мәліметіне сәйкес, өртті сөндіруге Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімі, Орман шаруашылығы, ЖАО-дан 36 адам, 5 мотопомпас, 1 техника, 4 мотоқайық тартылды.

«Өрт өндіру жалғасуда. Елді мекендерге қауіп жоқ. Батпақты жер мен қамыстың тығыз және қалың өсуі өртті сөндіруге қиындық туғызып жатыр. Бұл техниканың өтуіне кедергі келтіруде», – делінген ресми ақпаратта.

Айта кетейік, ТЖМ жанынан орманды күзету мен қорғау қызметі құрылады.

Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде өз алдына жеке орман қорғау қызметін құруды көздеп отыр. Ол туралы қаулы жобасы ашық талқылауға шығарылды. Республикалық азаматтық қорғау тізімінде Ормандарды күзету және қорғау қызметін құру туралы қаулы жобасы 13 наурызға дейін талқыланды.

Жаңа республикалық азаматтық қызмет немен айналысады? Уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы, аумақтық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдар, орман иеленушiлер, орман пайдаланушылар орман қорын күзету мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.

Орман өрті

Соңғы жылдары Қазақстанда орман өрті жиілеген. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сенсек, соңғы бес жылда орман өртінің саны 2.2 есе өскен.

Атап айтатын болсақ, елімізде соңғы үш жылда 2251 орман, 319 дала өрті тіркелген. 2022 жылы 701, 2021 жылы 749, 2022 жылы 801 орман өрті тіркелсе, 2020 жылы 130, 2021 жылы 115, 2022 жылы 74 дала өрті тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыз