Жаңалықтар

Қазақстанның тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды /Фото:Shutterstock

4 наурызда Қазақстанның тоғыз өңірінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, боран мен жел күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Шымкентте жауын-шашын және түнде тұман (жаңбыр, қар) болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен Орал қаласында тұман күтіледі. Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болуы ықтимал. Алматыда түнде және таңертең тұман болатыны болжанды.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болуы ықтимал. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыс облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Петропавлда түнде боран, жел екпіні секундына 15-20 метр.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болуы ықтимал. Желдің екпіні секундына 15-20 метр. Петропавлда түнде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Желдің екпіні секундына 15-20 метр.

Павлодар облысында боран болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жел екпіні секундына 15-20 метр.

Қызылорда облысының орталығында және Қызылордада тұман түседі. Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман болмақ..

Айта кетейік, осыған дейін 7 облыста республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді.