Әлем арзан тауарлардың импортынан екінші «қытайлық шокты» бастан кешірмек-WSJ
Қытай экономикалық мәселелерді шешу үшін тауар шығаруды ұлғайтып отыр. Оның көлемі ішкі сұраныстан едәуір асып түскен.
WSJ басылымы сарапшылардың айтуынша, әлем елдері Қытай импортының ағынын екінші рет бастан кешіреді. Бұған дейін осындай жағдай АҚШ пен еуропа елдерінің зауыттарын тақырға отырғызған болатын.
90-шы жылдардың аяғы мен 2000-шы жылдардың басында әлемдік экономика арзан қытай тауарлары импортының бірнеше есе өсуін бастан кешті. Сауалнамаға қатысқан экономистер жағдайдың қайталануынан қорқады. Өйткені Қытайдан экспорт көлемі экономикалық өсудің баяулауына байланысты артып отыр. Зауыттар қазірдің өзінде ішкі тұтыну деңгейінен бірнеше есе көп автомобильдер, тұрмыстық электроника және техника шығарып жатыр. Билік сонымен қатар қытайлық компанияларға қарқынды түрде несие беруде. Ал олар ел ішінде сата алмаған өнімдерді шетелдік нарықтарға шығарады.
Мұның алдында тауар экспортының өсуі Қытайға инфляцияны төмен деңгейде ұстауға көмектесті. Алайда АҚШ пен ЕО-да миллиондаған адамдар жұмысынан айырылды. Экономистердің пікірінше, бұл жолы дефляциялық әсер күштірек болуы мүмкін. Өйткені Қытайдың тауарға деген сұранысы өтелмейді. Сонымен қатар, «қытайлық шокты» қайталау одан да жойқын әсер етеді. Себебі Қытай қазір жоғары технологиялық өнімдерді шығаруда бәсекелеседі, деп қосты сарапшылар.
«Егер жағдай қайталанса, жаңа «қытайлық шок» басқаша болады. Қазір батыс елдерінің алаңдаушылығы анағұрлым басым. Өйткені Қытай қазір жоғары технологиялық өнімдерді — автомобильдерді, компьютерлік чиптерді және күрделі машина жасау сияқты құны жоғары салаларды шығаруда бәсекелеседі», — деді Массачусетс технологиялық институтының профессоры Дэвид Аутор.
АҚШ, Жапония және Еуропа Одағы жағдайдың қайталануын қаламайды
Орташа және төмен табысы бар америкалықтар үшін бағаның төмендеуі тиімді. Сондықтан елдер стратегиялық аймақтарды қолдау үшін миллиардтаған доллар инвестициялады. Сонымен қатар жоғарыда аталған мемлекеттердің билігі Қытай тауарларына баж салығын ұлғайту туралы ойлап отыр.
2023 жылы Қытай экономикасы 5,2% – ға өсті. Бұл елдің стандарттары бойынша төмен көрсеткіш. Экономистердің болжамы бойынша, 2024 жылы Қытайдың ЖІӨ 4,5% – ға дейін баяулайды немесе жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыс, инвестициялардың қысқаруы және тұтыну шығындарының төмендеуінен одан да күшті баяулайды. Capital Economics Қытайдың ЖІӨ-сі өсуі алты жылда 2% – ға дейін баяулайды деп есептейді.
The New York Times отмечает, что речь будет идти не о циклическом спаде, а о резком снижении, которое может длиться много лет, образуя «вековую стагнацию». Цены снижаются до уровней, которых Китай не видел со времен финансового кризиса 2009 года
Тһе New York Times бұл жерде әңгіме циклдік құлдырау туралы емес, күрт төмендеу жайында екенін атап өтті. Ол «ғасырлық тоқырауды» қалыптастырып көп жылға созылуы мүмкін. Тауар бағалары Қытай 2009 жылғы қаржылық дағдарыстан бері көрмеген деңгейге дейін төмендейді.