Bloomberg: Еуропада өндірілген тауарлар Ресейге Қазақстан арқылы жеткізіліп жатыр
Bloomberg Қазақстан мен Түркияның еуропалық кәсіпорындарға Ресеймен сауда жасауға көмектесіп жатқаны туралы зерттеу жариялады. Тіпті статистика Украинадағы соғыс басталғаннан кейін сауда көлемінің артқанын растайды.
Соңғы екі жылдағы көрсеткіштер қандай?
Басылымның хабарлауынша, соңғы екі жылда Еуропаның Ресейге экспорты тоқтамаған. Тек қазір тауарлар Ресей Федерациясына Қазақстан арқылы жеткізіліп жатыр.
«Еуропаның Ресей қатысты шектеулері коммерциялық байланыстарды түбегейлі өзгертті. Бірақ сауда байланысын толығымен үзген жоқ», – деп жазылған Bloomberg агенттігінің зерттеуінде. Олар Еуропа мен Ресей арасындағы сауда байланыстары нығайып келе жатқанын және санкциялардың Ресей экономикасына әсері ЕО қалағанынан мардымсыз екенін растайды.
«Тасымал айтарлықтай азайды, бірақ екі тарап ұсынған ақпаратқа сай емес», – дейді авторлар.
Реэкспопртқа үшінші елдер көмектесуде
Олардың айтуынша, Қазақстан, Түркия сияқты үшінші елдер арқылы қайта экспорт немесе реэкспорт артқан.
Bloomberg дерегінше, 2023 жылы Қазақстаннан Ресейге жеткізілген заттардың 7 пайызы тыйым салынған тауарларға байланысты. Ең көп тасымалданған өнімдердің ішінде құралдар мен автомобильдер болды.
Ресейге реэкспортқа тыйым салуды ұсынды
ЕО санкциялары ұшақтарға, атыс қаруларына және кейбір жартылай өткізгіштерге қолданылады. Санкцияларды тиімді ету үшін басылым «Ресейге реэкспортқа тыйым салу» деп аталатын шара енгізуді ұсынады.
«Санкциялар неге жұмыс істемейді деген сұрақ туындайды? Еуроодақ жағдайында бұл жеке мүдделердің болуымен байланысты. Олардың жұмысына қызығушылық танытпайтын өте бай адамдар мен кейбір өте ірі кәсіпорындар бар. Сол елдердің үкіметтері, өкінішке орай, оларды тыңдайды», – деп хабарлады мақала авторлары.
Еске сала кетсек, Bloomberg ақпарат көздері G7 және ЕО Ресейдің тыйым салынған активтерін Украинаны қаржыландыру үшін кепіл ретінде пайдалануды ұсынғанын хабарлады.
Кейін агенттік Еуропалық Одақтың Ресейге қарсы санкциялары айтарлықтай тиімді емес, деп хабарлады. Ресей Федерациясы оларды үшінші елдердегі, соның ішінде Қазақстандағы делдалдар көмегімен айналып өтуде.
Шектеу шеңберіндегі тауарлардың төрттен бір бөлігі Ресейге тікелей Еуропадан тасымалданады. Қалған бөлігі Ресейге сауда шектеулеріне қарамастан астыртын үшінші елдер арқылы жолданады. Басылым меңзеп отырған елдер қатарында Қазақстан да бар.
Сонымен қатар басылым Түркия, БАӘ, Сербия және Қытай ЕО-ның санкцияларын айналып өтуге қатысқан елдер қатарында бар деп айыптады.
«Тізімде Ресеймен шектесетін елдер, соның ішінде Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Армения да бар», – деп жазды халықаралық басылым.
Айта кететіні, Еуропалық Одақ бірінші кезекте қару-жарақ өндірісіне қажетті технологиялар тасымалдауға тыйым салған. Оның ішінде зымырандар өндіруде қолданылатын қосалқы бөлшектер мен электроника бар.