4 наурызда сағат 11:22-де Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД хабарлады.
Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты қала әкімі Ерболат Досаев сағат 11:40-тан бастап жедел штабта жұмыс істеп, алдағы іс-шаралар жоспары талқыланды.
Істің мәнісі
- Қаланың барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қосылған.
- Қалалық полиция бөлімі әдеттегідей жұмыс істеп жатыр.
- Барлық мектептер мен балабақшалар ашылды, қоғамдық қабылдау пункттері жұмыс істейді.
- Қаладағы жедел медициналық жәрдем қызметі мен барлық көпсалалы ауруханалар, соның ішінде мамандандырылған ауруханалар, балалар ауруханалары, босану ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.