Алматыда тағы жер сілкінді

Жарияланды
Алматыда тағы жер сілкінді / Shutterstock

Алматыда қатты жер тербелісі болып, халық дүрлігіп қалды. Жер сілкінісі 4 наурызда сағат  11:22-де болды. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД хабарлады.

ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделуде.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. Магнитудасы MPV 6.1. Жер сілкінісінің координаталары – 42,93° солтүстік. 76,96° шығыс Тереңдігі 10 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл

Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланған. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді. Қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүліну мәніне көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін, қираудың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде.

Алматы облысында болған жер сілкінісіне байланысты жедел желі іске қосылды.

Құтқару қызметінің 112 және 101, сондай-ақ 827 722 6151 нөмірлеріне хабарласу керек.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ және жер сілкінісінің салдары туралы мониторинг, ақпарат жинау жүргізілуде.

Алматыда бұған дейін 5 балдық жер сілкінісі 23 қаңтарда болған. ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз