Дубайдағы ең ірі автотұрақ операторы IPO-да 429 миллион долларға дейін қаржы тартуы мүмкін

Жарияланды (жаңартылды )
Дубай Parkin IPO-да 429 миллион долларға дейін тартуға ниетті/ Фото:mediaoffice.ae

Дубай билігі қаладағы ең ірі автотұрақ операторы Parkin Co-ны жекешелендіруден 1,57 миллиард дирхамға (429 миллион доллар) дейін табыс табуды жоспарлап отыр.

Толығырақ

Parkin хабарландыруына сәйкес, IPO баға диапазоны бір акция үшін 2-ден 2,1 дирхамға дейін белгіленген. Өтінімдерді қабылдау бүгін басталып, ал инвесторлар үшін 12 наурызда аяқталмақ. Дубай қор биржасында сауда-саттық 21 наурызда басталады.

Дубайдың инвестициялық қоры биржада Parkin-дің 749,7 миллион акциясын орналастырады. Бұл оның жарғылық капиталының 24,99% құрайды. Бір акция 2-2,1 дирхамға бағаланды. Яғни, Parkin IPO-ны 1,5-1,57 миллиард дирхамға бағалайды. Компанияның жалпы құны-6,3 миллиард дирхам ( 1,7 миллиард долллар).

«Акциялар бағасының диапазоны нарықты бақылайтындар үшін өздері күткен шағын сыйақыға сәйкес келеді. Өткен аптада Parkin  өзінің проспектісін жариялаған кезде, құнды қағаздардың бағасы шамамен 2 дирхам болады деген сарапшылардың пікірі бір жерден шықты», — деп  жазды Gulf News газеті.

Инвесторлар Parkin акцияларын сатып алуға асықты. Bloomberg мәліметінше, акцияларға өтінім беру кітапшасында компания бүгін бірнеше минут ішінде бүкіл баға диапазонынына қол қойды.

Бұрын биржаға шыққан Salik және Dubai Taxi- IPO барысында 24,9% акция ұсынды.

2021 жылдың соңында БАЭ билігі 10 мемлекеттік компаниядағы үлесті жекешелендіру жоспарын жариялады. Содан бері әмірлік бес компанияның — DEWA, Empower, Tecom Group, Salik және Dubai Taxi-дегі үлестерін сатты. Бұл арқылы  шамамен  8,6 млрд доллар табыс тапты.

Parkin 2033 жылға қарай халықтың қарқынды өсуі аясында автотұрақтарға сұраныс 60% – ға артады деп күтеді. Қазір компания Дубай бойынша 179 мың ақылы тұрақ орындарын басқарады. Оның ішінде көп қабатты автотұрақтарда 4 мың орын бар. Оператордың кірісі өткен жылы 14% – ға өсіп, 779 миллион дирхамға (212 миллион доллар) жетті. EBITDA жылына 23% – ға өсіп, 414 миллион дирхамға жетті. Parkin 2024 жылы дивидендтерді 100% пайда немесе акционерлерге түсетін ақша ағынынан төлеуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз