Нью-Йорк хедж-қоры жарты ғасырға жуық жұмыс істегеннен кейін жабылды

Жарияланды
Хедж-фонд Weiss Multi-Strategy в Нью-Йорке закрылся
Нью-Йорк хедж-қоры жабылды / Фото:shutterstock


1978 жылы құрылған Нью-Йорктегі Weiss Multi-Strategy Advisers хедж-қоры өз жұмысын аяқтады. Бұл инвесторлардың хедж-қорларға деген қызығушылығының жалпы төмендеуінің салдарынан орын алды, деп хабарлады Bloomberg.

Мультистратегиялық хедж-қор (Multi-Strategy Hedge Fund) – активтері әртүрлі инвестициялық стратегияларды пайдаланатын бірнеше инвестициялық менеджерлер арасында бөлінген қор. Олар кірістілік бір-бірімен байланысты болмайтындай етіп таңдалады. Яғни біреуінің шығындары басқалардың кірістерімен өтеледі.
Серіктестеріне жазған хатында «Әр сапарда күтпеген жағдайлар болады және әртүрлі факторлардан кейін, бұл сапарды аяқтау туралы шешімге келдім», — деп мәлімдеді қордың негізін қалаушы, 81 жастағы Джордж Вайсс.

Вайсстың айтуынша, қор тұтынушылар портфелінің басым көпшілігін қысқарқан. АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының (ӘКК) есебіне сәйкес, қорда 119 адам жұмыс істеді. Bloomberg келтірген With Intelligence мәліметтерінше, 2023 жылдың ортасында қордың көлемі 3,1 млрд долларға жеткен. Сол жылы компания басқарудағы активтер көлемін 6% – ға ұлғайтты, бір жыл бұрын олар 0,6% – ға қысқарды. Ал, мультистратегиялық хедж-қорлар орта есеппен 8% – ға өсті.

Goldman Sachs биылғы жылы барлық дерлік хедж-қорларға инвесторлардың қызығушылығы төмендейді деп болжайды. Мультистратегиялық қорларға қаражат ағыны екі есеге азаюы мүмкін. Сауалнамаға қатысқандардың былтыр 31%-ы қаржы салса, ал биыл тек 16% -ға төмендеген. Ал инвесторлардың 7% – ы олардан қаражат алмақшы. 2023 жылы мұндай клиенттердің үлесі 4% құрады. The Goldman Sachs инвесторлардың қызығушылығының төмендеуі қаржы ағымдарының көрсеткіштеріне байланысты екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, хедж-қорлар инвесторлардың қызығушылығының жалпы төмендеуінің жабылса, нарықтық құны әлемдегі ең танымал крипто валюта биткоиннің бағасы жыл басынан бері 50% өсті.

Сондай-ақ оқыңыз