Былтыр Қазақстан гүлді 52 елден әкелді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Былтырғы қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан жалпы сомасы 61 млн долларға 8 278 тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттады. Салыстырып өтсек, 2022 жылы гүл импорты ақшалай мәнде 46 млн доллар болған (6 832 тонна), – делінген хабарламада.
Былтыр Қазақстанға гүл әлемнің 52 елінен, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдерінен әкелінген.
2023 жылы гүлдерді ең ірі жеткізушілері: Эквадор – 4 913 тонна, Нидерланд – 1 633 тонна, Кения – 635 тонна және Колумбия – 488 тонна.
2022 жылғы гүл импорты – 46,1 млн доллар, эскпорты – 2,7 млн доллар
Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан 46,1 млн долларға гүл сатып алған, ал экспорт 2,7 млн доллар болды.
Қазақстаннан сыртқа сатылған гүлдер құны 2022 жылы 10,1% – ға өсіп, 2,7 млн доллар болған. Ал, гүл импорты 2022 жылы 9,7% – ға өсіп, 46,1 млн доллар болды.
Әзірбайжан-Қазақстан: екі ел арасында фито-санитарлық бақылау күшейеді
Еске салайық, Сенат депаутаттары Қазақстан мен Әзірбайжан елдері арасында Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификацилау мәселесін талқыланып, арнайы заң қабылдаған еді.
Келісімді ратификациялау бойынша заң жобасында мынадай мәселелер қамтылған:
- Карантинге жатқызылған өнімнің орнын ауыстыру кезінде екі елдің саламатты фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында одан әрі ынтымақтастықты арттыру;
- Өсімдіктер карантині саласындағы жаңа нормативтік актілер және карантиндік зиянды организмдердің ұлттық тізбелері туралы ақпаратпен алмасу;
- Екі ел аумағының фитосанитариялық жай-күйі туралы өзара хабардар ету;
- Зерттеу және диагностикалық тәжірибесімен алмасу бөлігінде өсімдіктер карантині жөніндегі ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру.