Жаңалықтар

Carlsberg-тің Қазақстандағы бөлімшесі Ресейлік серіктесінің үстінен шағым түсірді

Carlsberg Kazakhstan
Carlsberg Kazakhstan компаниясы «Балтиканың» брендінің үстінен шағым түсірді / Фото: kursiv.media

Carlsberg компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі бұрынғы ресейлік серіктесінің үстінен аппеляциялық шағым түсірді. Бұл жайлы Reuters басылымы хабарлады.

Оған себеп – компанияның Ресейлік серіктесі Балтика брендімен халықаралық нарыққа шығып жүрген компанияға аталмыш бренд атын пайдалануға тыйым салған. Сол себепті даниялық сыр қайнатушы компанияның Carlsberg Kazakhstan бөлімшесі аппеляциялық шағыммен Ресей сотына жүгінген.

Мәскеу 2023 жылдың шілдесінде Carlsberg-ті (CARLb.CO) өз бақылауына алып, ресейлік ең ірі сыра қайнататын компания Балтиканы «уақытша басқаруға» беріп тастады. Бұл жағдайға ренжіген Carlsberg Group бас директоры Якоб Ааруп-Андерсен өз бизнесінің ұрланғанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Carlsberg Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығына сәйкес, Ресей бақылауына өтті. Ресей президенті Батыс санкцияларына жауап ретінде кейбір шетелдік активтерді «ұлттандыру» науқанын бастап кетті. Бұл жарлыққа сәйкес ресми түрде құжатта компания федералды мүлікті басқару агенттігінің уақытша басқаруына беріледі. Путиннің жарлығы шыққанға дейін Carlsberg ресейлік бизнестін сатуды жоспарлаған. Сол мақсатта жан-жақты келіссөздер жүргізіп жатқан болатын. Алайда қаулы күшіне енген кезде компания жүргізген мәміле жүзеге аспай қалды.

Қазан айында Carlsberg Group «Балтика» компаниясымен өнім өндіру және сату жөніндегі келісімді бұзды. Мұндай шешім президент жарлығына жауап ретінде қабылданды.

Осыған байланысты «Балтика» компаниясы сотқа шағымданған. Оның өтінішін сот қанағаттандырып, ол Holsten, Kronenbourg, Tuborg, Seth & Riley`s және Garage сауда белгілерін өзінде қалдырды.