Қазақстанда Instagram, Facebook және Youtube істемей тұр – Meta өкілі жауап берді
Елімізде Instagram, Facebook және Youtube әлеуметтік желілері істемей тұр.
5 наурыз күні кешке желі қолданушылары осы әлеуметтік желілердің істен шыққанын байқаған. Бұл әлжелілер әлем бойынша істемей тұр.
Meta компаниясының ресми өкілі Энди Стоун әлеуметтік желілерді қалпына келтіру үшін компания жұмыс істеп жатқанын жазды.
Адамдардың біздің қызметтерімізге қол жеткізуі қиындап жатқанын білеміз. Қазір осы бойынша жұмыс істеп жатырмыз, – деп жазды Энди Стоун.
Meta акцияларының құны
Айта кетейік, Facebook-тің бас компаниясы Meta Platforms акцияларының бағасы 25 шілдеден бері 8,28%-ға қымбаттаған болатын. Сәрсенбі күнгі сауда-саттық нәтижесінде қағаздар құны 1,39%-ға артып, постмаркеттегі өсімі 6,89%-ды құрап, 319,15 долларға жетті. Meta жасанды интеллектке басымдық беру нәтижесінде кірісін көбейтті.
Meta 2024 жылы да инфрақұрылым мен операциялық шығындар өседі деп болжайды. Өйткені ол Жасанды интеллект пен метағаламды қолдау үшін деректер орталықтары мен серверлерге инвестициялауды жалғастыра түспек.
Өз кезегінде Meta бас директоры Марк Цукерберг жаңа технологияларды пайдалану өз жемісін беріп жатқанын айтқан.
«Біз қабылдаған шешімдер негізінде инвестициялардың өз жемісін бере бастағанын көру – үлкен қуаныш», деп мәлімдеді ол.
Цукербергтің айтуынша, Meta чат-боттарды құруға күш салады. Өйткен олар компанияларға да, авторларға да пайдаланушылармен өзара әрекеттесуге, сондай-ақ жарнаманың өтімділігі мен еңбек өнімділігін арттыру үшін генеративті жасанды интеллектті қолдануға көмектеседі.
Цукерберг 100 миллион қолданушысы бар Threads жаңа әлеуметтік желісін Twitter-ге қолайлы балама деп атады. Оның айтуынша, өнімді «қысқа уақыт ішінде салыстырмалы түрде шағын команда» жасаған және қазір «басты назар пайдаланушыны ұстап қалуға және негізгі принциптерді жақсартуға бағытталған».
Естеріңізге сала кетейік, The New York Times Сан-Франциско қазылар алқасы Google-ді смартфондарға арналған қолданбалар дүкені нарығындағы бәсекелестікті өзінің Google Play дүкенінің пайдасы үшін шектегеніне кінәлі деп тапқанын жазған еді. Егер Google-ге қолданбалардың балама дүкендеріне алдын ала орнатуға рұқсат беруге тура келсе, онда компания әзірлеушілерден комиссия түрінде алып отырған табыстарының жартысынан қағылады. Apple бұл процесті назарда ұстап отыр, өйткені Apple-дің App Store дүкені де қолданбаларға төленетін комиссияларға тәуелді.