Жаңалықтар

Мұнай экспорты өсіп, 70,5 миллион тоннаны құрады – Энергетика министрі

Потолок цен на российскую нефть
Министр Қазақстандық мұнайдың қай елдерге экспортталғанын айтып берді / Фото: архив kursiv.media

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында Қазақстандық мұнай қай елдерге экспортталғанын айтты.

Министр мұнай экспорты да өсіп, 70,5 миллион тоннаны немесе 109,6%-ды құрағанын мәлімдеді. Каспий Құбыр Консорциумының қазақстандық учаскесіндегі кедергілерді жою жобасы аяқталғанын атап өтті. Бұл жоба өткізу қабілетін жылына 72,5 млн тоннаға дейін арттырды.

«Қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ жаңа жүйесі арқылы «Шведт» МӨЗ бағытындағы Дружба мұнай құбыры арқылы Германияға 1 млн тонна көлемінде тасымалдау қамтамасыз етілді. Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Джейхан жүйесі арқылы 1 млн тонна көлемінде тасымалдады, бұл Ақтау порты арқылы Махачкала және Баку бағытындағы мұнай экспортын 3,4 млн тоннаға дейін немесе 2022 жылмен салыстырғанда 52%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Қазақстандық мұнайдың Қытайға экспорты 1,2 млн тонна көлемінде, Өзбекстанға т/ж бойынша 0,065 млн тонна көлемінде қамтамасыз етілді», – деді Энергетика министрі алқа отырысында.

Сонымен қатар Ресей мұнайының ел аумағы арқылы транзит көлеміне тоқталды. Көрші мемлекет мұнайы біздің ел арқылы Қытайға – 10 миллион тонна, Өзбекстанға – 0,15 миллион тонна мұнай жеткізеді. Ал Дружба жүйесі бойынша мұнайды 1,2 миллион тонна көлемінде, сондай-ақ Баку-Тбилиси-Джейхан бағытында тиісінше 2024 жылға 1,5 миллион тонна көлемінде тасымалдау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Еске сала кетсек, былтыр Қазақстанның «Баку-Тбилиси-Джейхан» бағытындағы мұнай экспорты 20 есеге жуық ұлғайды.

«2023 жылдың II тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау портында  Теңіз кен орнынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша экспортқа 347,1 мың тонна мұнай жөнелтті», – деп жазылған компания хабарламасында.