Биткоин тарихи максимумға жеткеннен кейін төмендеді
Биткоин тарихи максимумды жаңартқаннан кейін, көп ұзамай жаппай сатылымға шықты. Трейдерлер әлі де криптовалютаға оптимистік көзқараспен қарайды.
Толығырақ
Bloomberg ақпаратына сүйенсек, биткоин бағамы 5 наурыз күні кешке максимумды жаңартқаннан кейін, бірнеше сағат ішінде 14% – ға төмендеді. Сондай-ақ, 69,2 мың долларға дейін жетіп, жаңа рекордтық көрсеткішті иеленді.
Coinglas криптовалюта деректерін бақылаушының айтуынша, Binance крипто биржасындағы биткоиннің қазіргі бағасы 63,3 мың долларды құрайды. Бұл жаңа рекордтан 8,5% төмен.
Бағаның құбылмалылығы биткоинге тән. Осы жылдың басынан бастап биткоин 60% – дан астам қымбаттады. Bloomberg атап өткендей, алдыңғы циклдарда жыл сайынғы өсім 1000% – дан асып отырған. Ал содан кейін биткоин өз құнының 75% – на дейін жоғалтты.
Соңғы уақытта биткоиннің өсуі көбінесе туынды құралдар нарығындағы өсу ставкаларына байланысты болды. Coinglass пайымдауынша, Bitcoin фьючерстері бойынша ашық позициялардың сомасы рекордтық сомадан 30 млрд долларға дейін өсті. GSR компаниясының биржадан тыс сауда бөлімінің басшысы Спенсер Халларнның айтуынша, бұл көрсеткіштің өсуі криптодеривативтер нарығындағы ұзақ мерзімді алыпсатарлықты көрсетеді.
Сарапшылар не дейді
Енді алыпсатарлар Ethereum және Solana сияқты кішігірім криптовалюталарға көше бастауы мүмкін, деді Arbelos markets Президенті Шилян Тан. Биткоиннің нарықтағы үстемдігі бір айдағы ең жоғары деңгейге жетті. Сондықтан кейбір трейдерлер өз ақшаларын «қуып жететін мәміле» ретінде басқа кішігірім криптовалюталарға аудара алады, деді ол.
Bloomberg-тің хабарлауынша, инвесторлар ұзақ мерзімді жоспарлауда биткоиннің өсуіне сенеді.
DeFi Нashnote стартапының цифрлық активтер менеджерінің негізін қалаушы Лео Мизухара биткоин құлдырау кезеңінен кейін рекордтық максимумды жаңартқан сайын оның құны одан әрі бірнеше есе өсетінін еске салды. Мизухараның бағалауы бойынша, ағымдағы циклде биткоин шамамен екі есе, 138 мың долларға дейін қымбаттауы мүмкін.
Standard Chartered валюталық зерттеулер бөлімінің басшысы Джефф Кендрик қаңтар айында биткоин құнының 2025 жылдың соңына қарай 200 мың долларға дейін өсуі мүмкін дейді. Binance криптобиржасының қазақстандық өкілдігінің басшысы Жасұлан Мәдиев ұзақ мерзімді перспективада биткоиннің құны 1 млн доллардан асуы мүмкін деді.
Айта кетейік, биткоиннің нарықтағы құны жыл басынан бері 50% өсті деп жазған едік.