Садраддин Ирина Кайратовнаны басып оза ма – Қазақстандықтар Ticketon Awads-та үздіктерді таңдауда
4 күннен кейін 10 наурызда Қазақстанда мәдениет, спорт және ойын-сауық саласындағы үздік майталмандарды таңдайтын Ticketon Awards жобасының дауыс беру кезеңі аяқталады.
2024 жылғы 6 наурыздағы аралық дауыс беру нәтижесі бойынша Ticketon Awards номинанттарына 136 981-ден астам адам дауыс берген. 5 наурызда бір күн ішінде үміткерлер үшін 3 965 дауыс берілген. Дауыс беру 8 ақпаннан 10 наурызға дейін жалғасады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 20 сәуірде өтеді.
Әндерін кез-келген жастағы тыңдарман жақсы көретін әнші Садраддин «Қазақстанның жыл әншісі» номинациясының жеңімпазы болуы мүмкін. Ол отандық «Ирина Кайратовна» музыкалық тобын басып озды.
«Ирина Кайратовнаның» клиптері басқа отандық бейне-музыкалық өнімдерден режиссерлік шешімдердің батылдығымен ерекшеленеді. Бұл «Ирина Кайратовнаның» Қазақстандағы заманауи мәдениеттің көрнекті және танымал өкілі ретіндегі беделін айқындайды», – дейді ұйымдастырушылар.
«Жылдың симфониялық концерті» номинациясында Астанадағы «Ретро квартирник с Tarsi orchestra» алғашқы орында тұр. Ол «Ne prosto orchestra – «Ғажайып ғасыр» тәуелсіз оркестрін басып озды. Соңғысы 6 жыл бойы үздік болып, қазақстандықтарды феномалды шығармашылығымен қуантып келген еді. Дауыс берудің аралық қорытындысы бойынша «Жылдың симфониялық концерті» номинациясында да «Ретро квартирник с Tarsi orchestra» алда келеді.
«Астана Опера» балетінің солисі Шұғыла Әдепхан қазіргі берілген дауыстардың жалпы саны бойынша көш бастады. Ол «Жыл балеринасы» номинациясында алда келе жатыр. Бойжеткен «Өрлеу» және «Би шыңы» байқауларының лауреаты.
«Жылдың үздік отандық фильмі» номинациясында аралық рейтингтің көшбасшы – «Міржақып. Оян, қазақ!»тарихи драмасы. Дауыс берудің аралық қорытындысы бойынша «Жылдың шетелдік фильмі» аталымында «Оппенгеймер» драмасы көш бастап тұр.
«Жыл актері» номинациясында «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінде басты рөлді сомдаған Астана «Жастар» театрының танымал актері 41 жастағы Бақыт Қажыбаев алда келеді.
«Жыл актрисасы» аталымы бойынша аралық рейтингтің көшбасшысы – Дариға Бадықова. Ол негізінен есте қалатын кассалық комедияларда ойнайды. Отандық прокатта рекорд қойған «Таптым-ау сені» комедиясында басты кейіпкерді сомдап қана қоймай, осы фильмнің продюсері де болған. Бұған дейін актриса осы номинация бойынша екі рет (2019 және 2022) Тикетон сыйлығын алған. Дариғаның биыл да жеңістен үміті зор.
Ticketon Awards жайлы
Ticketon Awards марапатына 34 номинация және 7 категория бойынша 300-ден астам үміткер қатысады. Іс-шара 2023 жылы болған әртүрлі жанрлардағы үздік шығармашылық туындыларды анықтауға, дарынды тұлғаларды тануға, әрі оларды ынталандыруға бағытталған.
Қазақстанның мәдениет, спорт және ойын-сауық саласына ең көп үлес қосып жүргендерді анықтау үшін кез келген қазақстандық Сілтеме арқылы дауыс бере алады.
Осыған дейін 2023 жылы қазақстандық «Таптым-ау сені» фильмі кассалық түсім бойынша голливудтық «Аватар: Су жолы» фильмін басып озғанын жазған едік.
Ticketon сервисінің ақпаратына сүйенсек, қазақстандық картина 2023 жылы 1,54 млрд теңге жинаған. Голливудтық фильм 1,17 млрд теңге (фильм прокатқа 2022 жылы желтоқсанда шыққан, желтоқсандағы қаржы есепке алынбаған – ред.) тапқан. Үшінші орында «Форсаж 10» фильмі 1,10 млрд теңге табыс тапқан. Үздік ондыққа отандық фильмдер қатарынан «Қазақша бизнес Үндістанда» фильмі енген.
Өңірлер бойынша 14 қалада «Таптым-ау сені», 3 қалада «Чебурашка» фильміне келушілер көп болған. Тағы бір отандық картина «Міржақып. Оян, Қазақ» фильміне Павлодар тұрғындары көп келген.