«KEGOC» АҚ өндірістік филиалдардың және «Энергоинформ» АҚ еншілес ұйымы басшыларының қатысуымен 2023 жылды қорытындылау бойынша кеңес өткізді.
АҚ ұжымы өндірістік міндеттерді уақтылы орындау және инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде есепті жылды жақсы қаржылық және корпоративтік көрсеткіштермен аяқтаған. Бұл туралы Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Айгүл Әкімбаева мәлім етті.
«Таза пайда 42,7 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 60%-ға немесе 15,9 млрд теңгеге жоғары. 16,9 млрд теңге сомасына «жасыл» облигациялар сәтті орналастырылды», – деп жазылған хабарламада.
Moody’s KEGOC-тың кердиттік рейтингі бойынша болжамды көтерді – «BAA2» «Позитивті». Fitch Компанияның рейтингін «BBB» дейін «Тұрақты» болжаммен көтерді. Ал S&P Global CSA Score 51/100 деңгейінде ESG рейтингін тағайындады.
Сонымен 2023 жылғы нәтиже қандай?
2023 жылы электр энергиясын тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда 1,9%-ға артты. Көрсеткіш 115,06 млрд. кВтсағатты құрады. Бұл KEGOC көрсететін қызметтер көлеміне оң әсерін тигізді:
- Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) арқылы электр энергиясын жеткізу – 36,1 млрд кВтсағат. Бұл жоспардан 3,7%-ке жоғары;
- ҰЭТ-ты пайдалану – 36,0 млрд кВтсағат. Бұл жоспардан 1%-ке жоғары;
- электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру – 106,3 млрд кВтсағат;
- электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру – 205,4 млрд. кВтсағат.
Желідегі жүктеменің артуына қарамастан, KEGOC ұлттық энергия жүйесінің сенімді апатысз жұмысын қамтамасыз етті.
Күзгі-қысқы жүктемелерге дайындық мерзімінен бұрын аяқталды. 89 ЭЖЖ, 25 қосалқы станция жабдығына жоспарлы жөндеу жүргізілді, материалдардың, қосалқы бөлшектердің авариялық қоры толықтырылды, материалдардың жеткілікті резерві қалыптастырылды.
«Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту» жобасы аяқталды
2023 жылғы қарашада стратегиялық маңызы жоғары «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту» жобасы сәтті аяқталды. «Батыс Қазақстан энергия торабы – Атырау – Маңғыстау» маршруты бойынша бес 220 кВ электр жеткізу желілері пайдалануға енгізілді. Бұл Батыс аймақтағы электр байланыстарының өткізу қабілетін екі есе арттыруға мүмкіндік берді.
«KEGOC» АҚ-ның үш филиалында (Ақтөбе ЖЭТ, Сарыбай ЖЭТ және Батыс ЖЭТ) 220-500 кВ желілерді жаңғыртудың 1-ші кезеңі аяқталды. Электр желілерін жаңғырту компанияның барлық филиалдарында жалғасады.
«2023 жылдың қорытындысы бойынша KEGOC «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы арасында өндірістік қауіпсіздік саласындағы көшбасшы болып танылды. Компаниядағы жарақаттану коэффициенті 2022 жылмен салыстырғанда үш есе аз. Ал қайтыс болу жағдайларының коэффициенті нөлге дейін төмендеді. Сондай-ақ, KEGOC әлеуметтік тұрақтылықтың жоғары рейтингін 86% деңгейінде растады», – деп жазылған хабарламада.
2024 жылға арналған жоспарлар қандай?
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов кеңесті қорытындылай келе, қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шаралар персоналдың ынтасына оң әсер ететінін және Компанияда жоғары деңгейдегі корпоративтік мәдениетті қамтамасыз ететінін атап өтті.
«Біз барлық міндеттерді мұқият орындап, жұмысымызды сапалы жоспарлауға тиіспіз. Барлық көрсеткіштерді ай сайын сіздермен тығыз байланыста бақылайтын боламын. Жақын арада барлық филиалдарда жеке көшпелі кеңестер өткізілетін болады», – деп қорытындылады компания басшысы.
2024 жылы компанияның алдында Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру, Компанияның филиалдарындағы желілерді реконструкциялаудың 2-ші және 3-ші кезеңдері, рейтингті 5 есе арттыру, жоспарланған жөндеу-пайдалану жұмыстарын толық көлемде орындау, ал сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру жөніндегі шараларды іске асыру бойынша өршіл міндеттер тұр.
Бұған дейін сарапшылар KEGOC акциялары инвесторлардың үмітін неге ақтамағанын түсіндірді.