Жаңалықтар

Мойындалмаған Приднестровье Ресейден көмек сұраған соң, Молдова қарулануды шектейтін шарттан шығып кетті

Молдова үкіметі Преднестровье депутаттарының мәлімдемесінен соң осындай шешім шығарған / Фото: kursiv.media

Молдова үкіметі Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы шарттан шығу туралы шешім қабылдады. Мұндай шешім шығаруға мойындалмаған Преднестровье республикасының деутаттары Ресейден көмек сұрауы себеп болған.

Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы шартқа 1990 жылы Парижде НАТО-ның 16 елінің және Варшава келісімінің алты елінің өкілдері қол қойған. Бұл құжат барлық қатысушы елдер үшін қару-жарақ пен әскери техникаға бірдей шектеулерді белгілейді. Сондай-ақ шартқа сәйкес осы аймақта қарулы күштердің саны шектеулі болады.

Өз кезегінде Молдованың бұл шешімін Ресей тарапы ұната қоймады. Ресей Мемлекеттік Думасының қорғаныс комитетінің басшысы Андрей Картаполов Молдованың шарттан шығуына Ресей мен оның мүдделеріне қарсы бағытталған қадам деп бағалаған.

Еске сала кетсек, ақпан айының соңында мойындалмаған Приднестровье билігі Молдованың «қысымына» байланысты Ресейден көмек сұрады. Облыста соңғы 18 жылда алғаш рет өткен барлық деңгейдегі депутаттардың съезінде арнайы декларация да қабылданған болатын.

«Федерация Кеңесі мен Ресей Мемлекеттік Думасына Приднестровьеде 220 мыңнан астам ресейлік азаматтың тұрақты тұратынын ескере отырып, Молдова тарапынан қысымның күшеюі жағдайында Приднестровьені қорғау шараларын жүзеге асыру туралы өтінішпен жүгіну туралы шешім қабылданды», – деп жазылған құжатта.

Үндеу жасауға мойындалмаған Приднестровье президенті Вадим Красносельский бастамашы болған. Ол Приднестровьеге қарсы «геноцид саясаты» жүргізіліп, «экономикалық тұрғыда республиканы тұншықтыру шаралары» қолданылып жатқанын мәлімдеді. Ол сонымен бірге қаңтар айында Молдованың әскери бюджетін ұлғайтқаны атап өткен. Сондай-ақ НАТО-мен бірлескен жаттығуларға қатыса бастағанын және еуропалық мемлекеттерден әскери көмек ала бастағанын да жақсылыққа баламаған.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, көмек туралы депутаттар үндеуі Мемлекеттік Дума мен Федерация Кеңесіне жолданған.

Бұған дейін Приднестровье Молдава Республикасы 1992 жылы тәуелсіздігін жариялады. Мойындалмаған мемлекетті БҰҰ-ның ешбір мүшесі, оның ішінде Қазақстан тәуелсіз деп танымайды.

Молдова Ресей Федерациясымен шекарасының жоқтығына қарамастан, бұл аумақты Ресей басып алды деп санайды.

Еске сала кетсек, 2022 жылы мамырда Молдованың бұрынғы президенті Додонға жемқорлыққа қатысты айып тағылды.Молдованың бас прокуратурасы Социалистер партиясының құрметті төрағасы, экс-президент Игорь Додонға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікпен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады қадағалау агенттігінің баспасөз хатшысы Мариана Керпек. Кейін экс-президент мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен ұсталды. Оның үстінен кемінде төрт бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.