Ұлттық банк макроэкономикалық болжамын жариялады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ұлттық банк мұнай бағасына қатысты болжамын жариялады / Фото: архив kursiv.media

Ұлттық Банк «2024 ақпан. Ақша-кредит саясаты туралы баяндама» жариялады. Баяндамада болжамның алғышарттары, 2026 жылға дейінгі базалық және баламалы сценарийлер бойынша макроэкономикалық даму динамикасы ұсынылған.

Құжатта төлем балансының ағымдағы шотына қатысты болжам, макроэкономикалық жағдайлар, ақша, валюта және қаржы нарығындағы ахуал қамтылған.

Құжат қандай көрсеткіштерді қамтиды?

Баяндамада орталық банктің пайыздық мөлшерлемесі бойынша болжамдарды жарияланған. Бұған қоса Қазақстан экономикасындағы монетизацияны талдау, «Тарифті инвестицияға айырбастау» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымының жағдайы мен даму перспективалары бар. 2023-2024 жылдардағы жылдық инфляцияның баяулауы және «базалық әсерді» бағалау секілді бокстар да қамтылған.

Төлем балансының ағымдағы шоты туралы болжам ұсынылды

«Дефицит жалпы ішкі өнімге қатысты 2024 жылы -3,9%, 2025 жылы -1,8%, 2026 жылы -2,8% қалыптасады», – деп жазылған Ұлттық банк зерттеуінде.

Мұнай бағасы қалай құбылады?

Brent бағасы биыл барреліне 79,8 доллар, 2025 жылы 80,0 доллар, 2026 жылы барреліне

77,3 доллар болады деп болжады бас банк.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі ХҚҰ болжамдарымен бөліскен. Онда әлемдік экономика 2024 жылы 3% деңгейінде өседі деген ақпарат бар.

«Консенсус-болжамға сәйкес 2024 жылы мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 80 долларды құрайды. Сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты дамудың үш сценарийі (базалық, оптимистік және пессимистік) қаралды», – деп хабарлаған еді ведомство.

Бұған дейін ҰБ Ақша-кредит саясаты туралы баяндама жариялаған

Онда төлем балансының ағымдағы шоты тарихи түрде бірқатар құрылымдық проблемалармен сипатталды. Мәселен, экспорттағы шикізаттың жоғары мөлшері, экономиканың импортқа тәуелділігі, тау-кен өндірісіне тартылатын шетелдік инвестициялардың шоғырлануы.

«Экспорттағы шикізат тауарларының жоғары үлесі төлем балансының шикізатқа әлемдік бағалардың өзгеруіне ұшырауын арттырады. Ағымдағы шоттың траекториясы, негізінен, мұнай бағасының динамикасын қайталайды. Нәтижесінде, барлық алып қараған кезеңде мыналар байқалды: 2014ж. бастап 2021ж. дейін ағымдағы шот дефицит аймағында, ал 2013ж. және 2022ж. 9 айдың қорытындысы бойынша профицит аймағында болды», – деп хабарлаған еді Ұлттық банк.

ЕАДБ Қазақстанның экономикалық өсімін 5% деңгейінде болжанған

Бұған дейін Еуразиялық экономикалық даму банкі 2024-2026 жылдарға арналған болжамын жариялаған. Оған сәйкес Қазақстанның экономикалық өсімі 5% деңгейінде болжанған. Ел еліміздегі инфляция 7,1%-ға дейін бәсеңдеуі мүмкін.

Есепте ЕАЭО аймағындағы экономика 2023 жылы жақсы динамика көрсеткені айтылған. Мәселен, Ресей мен Беларусь 2023 жылдың үшінші тоқсанында ЖІӨ көрсеткіштерін дағдарысқа дейінгі деңгейге келтіріп, өз экономикаларын жаңа жағдайға бейімделген. 2023 жылы Беларусьте ЖІӨ 3,9%-ға, Ресейде 3,1%-ға өскен. Қазақстанның экономикалық өсімі 4,8%-ға, Арменияның ЖІӨ – 8,3%-ға, Қырғызстан ЖІӨ – 4,6%-ға, Тәжікстан ЖІӨ – 8,2%-ға дейін көтерілген.

ЕАЭО операциялық аймағында инфляция 2023 жылы 7,8%-деңгейінде болса, 2024 жылдың соңында шамамен 5,8%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыз