Morgan Stanley Tesla акцияларының бағасын төмендетті

Жарияланды
Morgan Stanley Tesla акцияларының бағасын төмендетті/Фото: Austin Ramsey / unsplash

Tesla-ға оптимистік көзқараспен танымал болған Morgan Stanley талдаушысы Адам Джонас компанияның табыс болжамы мен құнды қағаздардың мақсатты бағасын төмендетіп отыр. Негізгі себеп– электромобильдерге деген сұраныстың төмендеуі. Сарапшының айтуынша, Tesla Қытайдағы негізгі нарықта бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Сондай-ақ сұраныс пен сатуды ынталандыру үшін бағаны төмендетуді жалғастырады.

Толығырақ

Джонас сәрсенбі күні Tesla бағалы қағаздардың мақсатты бағасын  345 доллардан-320 доллларға дейін, ал акцияға шаққандағы пайда болжамын 0,99 доллардан- 1,54 долларға  дейін төмендетті. Осылайша, ол Оverweight рейтингін сақтап қалды.

Көрсеткіштің төмендеуін сарапшы сұраныстың азаюымен түсіндірді. «Бағаның төмендеуіне қарамастан, электромобильдерге сұраныс бәсеңдеуде», — дейді Джонас. АҚШ-та (Калифорниядан тыс) және Қытайда сұраныстың төмендеуіне байланысты компания өз көліктерінің бағасын одан әрі төмендетуге мәжбүр, деп қосты сарапшы.

Акция

Tesla құнды қағаздары үшінші күн қатарынан төмендеді. Осы кезеңде бағалы қағаздардың құны 12% -ға арзандады. Сәрсенбідегі сауда- саттық кезінде акция бағасы 173,7 долларға дейін төмендеді. Айта кетейік, бұл 2023 жылдың мамыр айынан бастап ең төменгі көрсеткіш.

Илон Масктың компаниясы үшін жағымсыз жаңалықтардың бірі -Қытайдағы сатылымның төмендеуі мен еуропалық зауыттың тоқтатылуы болды.

—Қытайда Tesla-ның электромобильдеріне деген сұраныс төмендеп кетті. Компания электромобиль өндірушілерімен қатаң бәсекелестік жағдайында бағаны төмендетуге мәжбүр болып отыр. Бұл елдегі оның ең үлкен бәсекелесі BYD компаниясы. Бұл компания да баға бәсекесін одан сайын өршітіп отыр. BYD ақпан айында бірнеше жаңартылған автомобиль модельдерінің бағасын төмендетті. Ал жұма күні автогигант өзінің Song Pro гибридті жол талғамайтын көлігінің жаңа нұсқасының бастапқы бағасын 15,4% — ға, ал осы аптада өзінің ең арзан Seagull көлігін 5% – ға төмендетті. 2023 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша BYD Tesla-ны басып озып, электр машиналарын сатуда әлемдік көшбасшы атанды.

— Еуропадағы жалғыз Tesla өндіріс орны-Германияның «гигафабрикасы» -электр қуатының үзілуіне байланысты 5 наурызда жұмысын тоқтатты. Мұның себебі кәсіпорын маңындағы электр желілерінің біріндегі өрт. Полиция бұл қасақана ұйымдастырылған дейді. Tesla ақпаратына сүйенсек, бұл өрттен болған шығын соммасы жүздеген миллион еуроны құрайды. Кәсіпорын басшылығы зауытта электромобильдерді құрастыру осы аптада қайта басталуы екіталай екенін хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін Mercedes-Benz әлемдегі ең қымбат автомобиль брендіне айналды. Ол осыған дейін қымбат саналып келген электромобиль өндірушісі Tesla-ны басып озды деп жаздық.

Сондай-ақ оқыңыз