Қор нарығына шолу:  NYCB банк құлдырау алдында тұр, АҚШ нарықтары қалпына келуде

Жарияланды
Қор нарығы қалай құбылды / REUTERS/Brendan McDermid/File Photo

Жақын арада америкалық индекстер төмендегеннен кейін, жасыл аймаққа қайта оралды. NYCB банкінің өзекті мәселесі. Осы және басқа да тақырыптар әлемдік БАҚ шолуында.

АҚШ та тағы бір аймақтық банк құлдырау алдында тұр

The Wall Street Journal ақпаратына сәйкес, New York Community Bancorp (NYCB) қаржылық тұрақтылықты нығайту үшін сыртқы инвесторлардан  1 млрд  доллар көлемінде қаржы іздестіріп жатқанын хабарлады. Осыдан кейін мекеменің акциялары 42% – ға құлдырап, сауда-саттық тоқтатылды.

CNBC жазғандай, компанияның кейінірек жарияланған пресс-релизіне сәйкес, NYCB бірнеше инвестициялық компаниялармен, соның ішінде Liberty Strategic Capital, Hudson Bay Capital және Reverence Capital Partners-пен келісім жасады. Келісім аясында  инвесторларға аймақтық банктегі үлестер беріледі. Сонымен қатар, бас директор да ауысады. Осы жаңалықтан кейін банк акциялары 7,45% – ға өсті.

Nycb акциялары өткен аптада банк «компанияның ішкі бақылауындағы несиелерді тексеруге байланысты елеулі кемшіліктерді анықтады» деп хабарлағаннан кейін құлдырай бастады.

Пандемия кезінде айтарлықтай зардап шеккен коммерциялық жылжымайтын мүлік секторының мәселесі АҚШ-тың аймақтық банктеріне қысым жасауда. Соңғы бірнеше жылда кеңсе ғимараттарының кепілдік құны төмендеді. Ал қарыз алушыларға кірістерінің төмендеуіне байланысты қиынға соғуда.  Қазіргі таңда да АҚШ-тағы кеңселерді жалға алу  бұрынғы деңгейге оралған жоқ.

Том Макклеллан сәуір айының ортасына дейін индекс динамикасының төмендеуін күтеді

The McClellan Market Report журналының қызметкері Том МакКлеллан компаниялардың өтімділік мәселелері келесі 6-7 апта ішінде нарықтардың тұрақсыздығына әкеліп, содан кейін қайтадан жоғары көтеріледі деп санайды. Бұл туралы Market Watch жазды. Ол өзінің болжамын АҚШ-тағы ставканың жоғары деңгейіне байланысты қаражат тапшылығын көрсететін есепке негіздеп отыр. Инвесторларға қолма-қол ақша қажет, сондықтан олар акция сияқты қауіпті активтерді сатады, дейді МакЛеллан.

Бір күн бұрын АҚШ-тағы негізгі индекстер сейсенбіде айтарлықтай төмендегеннен кейін жасыл аймаққа шықты. Ірі банктердің трейдерлері бірнеше жыл бойы байқалмаған деңгейде қысқа болжам жасайтын болды. Акциялардың сатылуына салық кезеңінің жақындауы да әсер етеді. Яғни 15 сәуірге дейін инвесторлар 2023 жылдың жақсы көрсеткіштеріне байланысты әдеттегіден жоғары салық төлеуге мәжбүр.

Акциялардың рекордтық деңгейге көтерілуі

Yahoo Finance басылымының айтуынша, Уолл-стрит стратегтері нарық қазір «көпіршікте» емес деп сендіруді жалғастыруда.

Оптимистердің негізгі дәлелі: қазіргі ралли динамикасы 24 жыл бұрынғыдай жылдам емес. 2023 жылы үш жылдық кірістілік 31% құрайды, ал 2000 жылдардың басындағы дағдарыс кезеңінде бұл көрсеткіш 98% деңгейінде болды. 2021 жылдың соңында үш жылдық кірістілік 90% – ға жетті. Baird investment strategy талдаушысы Росс Мэйфилд клиенттерге арналған жазбада: «біз нарықтағы рекордтық деңгейге жеткен жоқпыз», — деп жазды.

Ағымдағы өсімнің динамикасы нарықтың жоғарғы шегіне жеткенін  көрсетпейді. Кәсіпорын құнының сату көлеміне қатынасын пайдалана отырып, Goldman Sachs фирма жоғары бағаланған деп санайтын АҚШ акцияларының пайызын талдады. Нәтижелер жоғары құнды акциялар қазіргі уақытта АҚШ қор нарығының 24%-ын құрайтынын көрсетті.

2023 жылы ірі технологиялық компаниялардың бағалы қағаздарының өсуі олардың кірістерінің артуына сәйкес келді, дейді сарапшылар.

Қор нарығы ФРЖ-нің ықпалында ма?

Федералды резерв жүйесі ақпан айында жеткізу тізбегіне қысымның жоғарылауы туралы есепті жариялады. Reuters бұл бір жылдан астам уақыт ішінде бірінші рет болды дейді.

Ақпан айындағы жеткізу тізбегіндегі жаһандық қысым индексі 0,1 мәніне дейін өсті.

ФРЖ біраз уақыттан бері геосаяси тәуекелдер болжамдардағы белгісіздіктің маңызды факторы екенін ескертті. Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты, жеткізілім үзілістері инфляцияға қысымды күшейтуі мүмкін деген алаңдаушылық бар. Бірақ әзірге бұл айтарлықтай байқалмады.

Paramount India TV-дегі үлесті сату туралы келіссөздер жүргізуде

Paramount Global компаниясы Мукеш Амбани – Ambani Reliance Industries бірлескен үнділік медиа компаниясындағы өз үлесін сату туралы келіссөздер жүргізуде. Bloomberg атап өткендей, Paramount үлесі шамалы (агенттік оның мөлшерін нақтыламайды).

Paramount қарызды азайту үшін активтерді сатады. Сонымен қатар, үнділік миллиардер Амбани қазба отын бизнесін кеңейтеді (портфельді әртараптандырады) және тұтынушылардың кең ауқымына бағытталған технологиялар саласындағы активтерді сатып алмақ.

Әлемдегі қор нарығы, қысқаша

Канададағы Ivey іскерлік белсенділік индексі ақпан айының соңында төрт айлық ең төменгі деңгейге дейін құлдырады. Маусымдық ауытқуларды ескере отырып, ол 53,9 құрады. 50-ден жоғары мән белсенділіктің өсуін көрсетеді.

АҚШ-тың еңбек статистикасы бюросының мәліметтеріне сүйене отырып, елдегі жұмыс орындары 2021 жылдың наурызынан бастап ең төменгі деңгейге дейін төмендеді. Қаңтар айының соңында 8,86 миллион жұмыс орны ашылды, бұл желтоқсан айымен салыстарғанда аз (8,89 миллион).

 Bloomberg ЕО Қытайдан электромобильдерді әкелуге қосымша баж салығын дайындауда дейді. Өйткені Бейжің олардың өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсетеді.

2025 жылдың сәуірінен бастап Ұлыбритания шетелдіктерге салық салу жүйесін өзгертеді. Атап айтқанда, non‑dom мәртебесі жойылады. Бұл оның иелеріне елден тыс жерде алынған пайдаға салық төлеуден аулақ болуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз