«ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорынын жекешелендіру бойынша келіссөздерді бастағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
ереуілге
Жоспар бойынша еншілес кәсіпорын 2024 жылдың соңына дейін сатылады/Фото: ҚМГ

Жуырда ғана БАҚ-та «ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорын – KMG International-ды жекешелендіру бойынша келіссөздерді бастағаны туралы ақпарат тарады. Алайда ұлттық компания бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«100% «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға тиесілі KMG International N.V. жекешелендіруге дайындалып жатыр. Компанияны басқаруға серіктес тарту бойынша келіссөздер басталды. Компания 2009 жылдан бері толықтай «ҚазМұнайГаз» компаниясына тиесілі», – деп жазылған бұған дейін тараған ақпаратта.

Бірақ ҚМГ мұны жоққа шығарды. Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазіргі уақытта KMG International N.V. Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілген. Құжат «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген.

«ҚМГ қазіргі уақытта активті жекешелендіру бойынша нақты шаралар жүргізіп жатпағанын, сондай-ақ іскер серіктестер тарту бойынша келіссөздердің жүргізілмейтінін хабарлайды», – деп хабарлады ұлттық компания.

Ресми ақпарат бойынша, еншілес кәсіпорын 2024 жылдың соңына дейін сатылады деп жоспарлануда. Бірақ қазір ешқандай келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ.

Айта кететіні, «ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорын – KMG International N.V. үш бағытта жұмыс істейді. Олардың ішінде мұнай өңдеу және мұнай-химия саласы бар. Сонымен қатар сауда және логистика және жанар-жағармай құю станциялары қамтылған. Бұған қоса өнеркәсіптік қызметтер желісі арқылы мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату қарастырылған. Компания Румыния мен Қара теңіз аймағындағы ең ірі мұнай өңдеу зауытына иелік етеді.

Еске сала кетсек, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы 2023 жылы 23,5 мл тонна мұнай мен газ конденсатын өндірген еді.

Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,9 пайызға артық. Жалпы ҚМГ былтыр көмірсутек өндіру, тасымалдау және сату көрсеткішін арттырған. Бұл жайында компанияның өндірістік нәтижесінде жазылған.

Ал ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 14,8%-ға артып, 9,46 млрд текше метрді құраған.

«Қазмұнайгаз» Jet A-1 маркалы авиаотынын сынақтан өткізді. Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, Jet A-1 маркалы авиаотынын ASTM D1655 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін паспорттау үшін қажетті барлық сапалық көрсеткіштер мен сынамаларды іріктеу SGS Халықаралық компаниясының сынақ зертханасының аккредитациялау саласына енгізілген.

Сондай-ақ оқыңыз