«ҚазТрансОйл» компаниясының 2023 жылғы таза табысы 2,2 есеге өсті
«ҚазТрансОйл» компаниясының 2023 жылғы таза табысы 2022 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге – 8,3 млрд теңгеден 18 млрд теңгеге дейін өсті.
Компанияның шоғырландырылған пайдасы 65,9%-ға – 19,8 млрд теңгеден 32,8 млрд теңгеге дейін артты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған ҚТО қаржылық есебінде жазылған.
2023 жылғы нәтиже қандай?
ҚТО-ның 2023 жылғы шоғырландырылған кірісі 290,4 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 13,6%-ға артық. Компанияның акциялары бар ұйымдар тізіміне:
- «Магистральный Водовод» (100%);
- Arab Petrotrans Limited (100%);
- «Батуми мұнай терминалы» (100%);
- «Қазақстан-Қытай құбыры» (50%) және солтүстік-батыс «МұнайТас» көлік компаниясы (51%) кіреді.
ҚТО бойынша бөлек кіріс 241 млрд теңгені құрады
Бұл 2022 жылдың сәйкес көрсеткішінен 13,6%-ға артық.
Топ кірістің басым бөлігін (240 млрд теңге) мұнай тасымалдау және онымен байланысты қызметтерден, мұнайды ауыстырып тиеуден – 21,6 млрд теңге, ал су тасымалы – 19,8 млрд теңгеден алды. Жалпы 290,3 млрд теңгенің 243 млрд теңгесі Қазақстанға тиесілі. Шоғырландырылған операциялық пайда 2,5 есеге – 7,7 млрд теңгеден 19,1 млрд теңгеге дейін өсті. 2023 жылы КТО бойынша дәл осындай көрсеткіш 17,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 3,2 есе көп.
Компания активтері артты
Барлық ҚТО компанияларының активтері 1,23 триллионнан 1,35 трлн теңгеге артты. Міндеттемелері 323 миллиардтан 401,5 миллиард теңгеге өсті. Ал меншікті капиталы 912,4 миллиардтан 957 миллиард теңгеге жетті. КТО бойынша жеке міндеттемелер 238 млрд теңгеден 250,6 млрд теңгеге дейін өсті. Меншікті капитал аздап – 773,7 млрд теңгеден 784,1 млрд теңгеге дейін артты. Клиенттермен жасалған шарттар бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер 35 млрд теңгеден 31,9 млрд теңгеге дейін қысқарды.
Топ алған несиелердің жалпы сомасы 1,5 есеге артқан. Яғни, 29,7 млрд теңгеден 47,4 млрд теңгеге жетті. 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша несиелер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі орта есеппен 18,38%-ды құрады. Ал несиелер бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесі 15,54%.
Былтыр топ 15 млрд теңге дивиденд төледі
Өткен жылы топ 15 млрд теңге дивиденд (бір акцияға 39 теңге) төледі. Ең көп бөлігі, яғни 13,5 млрд теңгесі «ҚазМұнайГаздың» бас құрылымына төленді. 2022 жылы 2021 жылға дивидендтер сомасы 10 млрд теңгені құрады (9 млрд – ҚМГ дивидендтері).
Қаңтарда ҚТО мұнай тасымалдау көлемі 2023 жылы 44,19 млн тоннаға дейін өскенін хабарлады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3,5 млн тоннаға немесе 8,7%-ға артық. ҚТО магистральды мұнай құбыры жүйесі бойынша Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 17,4 млн тоннаны құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 479 мың тоннаға аз. ҚТО магистральды мұнай құбыры жүйесі бойынша бөлек мұнай айналымы 34,2 млрд тонна-километрді құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 54 млн тонна-километрге аз.
Еске сала кетсек, ҚТО 2001 жылы Үкімет қаулысымен құрылды. Топтың ұзындығы 5 338 км магистральдық мұнай құбырлары және 2 308 км су құбырлары желісі бар. Топтың бірлесіп бақылайтын кәсіпорындары «МұнайТас» және «ҚКТ» негізінен қазақстандық мұнайды тасымалдауға, сондай-ақ Ресей мұнайын Қытайға транзиттеу үшін пайдаланылатын Кеңқияқ-Атырау, Кеңқияқ-Құмкөл және Атасу-Алашанькоу құбырларына иелік етеді.
10% акция «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында оларды сатып алған миноритарлық акционерлерге тиесілі. ҚТО-ның негізгі акционері (90%) «ҚазМұнайГаз» болып табылады.
Мұнай тасымалы артты
Еске сала кетсек, аталған компания 2023 жылғы («ҚазМұнайГаз» еншілес ұйымы) қаңтар-қыркүйек айларында мұнай тасымалдау көлемін 32,416 млн тоннаға дейін жеткізді. бұл 2022 жылдың сәйкес көрсеткішінен 7,9%-ға артық.
«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы өндірістік қорытындыны шығарды. Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары және жеке жүйесі бойынша 32 млн 416 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл 2022 жылғы 9 айдағы көрсеткіштен 2 млн 414 мың тоннаға артық», – деп жазылған хабарламада.
Бұл ретте «ҚазТрансОйл» АҚ еліміздің МӨЗ-не жеткізілген мұнай көлемі азайған. Ол магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша көрсеткіш.
Бұған дейін «Қазтрансойл» Каспий теңізі арқылы Баку портына мұнай жеткізуді 12 есе арттырғанын хабарлаған.
2022 жылдан бері балама бағыттар айқындала бастады
2022 жылы Ресей Украинаға соғыс ашқан соң, Қазақстан мұнай тасымалын әртараптандырды. Ресейді айналып өтетін бағыттарды дамыта бастады.
AERC (Қолданбалы экономиканы зерттеулер орталығы) сарапшылары сол кезде отандық мұнайды экспортқа шығара алатын бірнеше әлеуетті балама маршрут бар екенін жазған.
Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырған.
Осы бағыт бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы бір ортада бас қосты. Олар Теңіз кен орнынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша тасымалды арттыруға уағдаласты. Осылайша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздеді.