Жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі жеке күзет компанияларына мемлекеттік бақылауды күшейтпек

жемқорлыққа қатысты
Фото: kursiv.media

Қазақстанда жеке күзет ұйымдары мен мамандандырылған оқу орталықтарына мемлекеттік бақылау күшейтілмек. Тиісті құжат Ашық НҚА порталында талқыға шығарылды.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ішкі істер органдарында 3969 жеке күзет ұйымы тіркелген. Оларда 97 806 күзетші жұмыс істейді. Оларға 22 479 қару қарастырылған. Сонымен қатар 81 жедел басқару орталығы бар, онда 458 қару-жарақ тіркелген.

Аталған ұйымдарға қызметтік қару мен арнайы техниканы пайдалану, алып жүру және сақтау құқығына рұқсат етілген. Олар мұндай құзіреті бар елдегі жалғыз кәсіп өкілдері.

2021 жылы аталған ұйымдарға 13 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Бұл сол кезеңдегі жеке күзет компанияларының жалпы санының 0,4%-ын (3225). Нәтижесінде 10 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2022 жылы – 3607-нің 16 тексеріс жүргізілді. 9 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2023 жылы – тексерілген 24 мекеменің 20-сы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осымен қатар қолданыстағы заңнамада күзетшілердің оқу процесіне бақылау қарастырылмаған. Бұл өз кезегінде оларды даярлау сапасына әсер етеді.

«Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі жеке күзет ұйымдарының күзетшілері мен басқару орталығының қызметкерлерін күнделікті қызметінде қызметтік қаруды ұстайтынына алаңдайды»,– деп жазылған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жедел ақпарат түскен кезде жеке күзет ұйымдары қызметін қысқа мерзімде тексеру мүмкін емес. Бұған қоса күзет ұйымдарын тексеру Кәсіпкерлік кодекс талаптарына қайшы.

Еске сала кетсек, Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев артық салмағы бар полиция қызметкерлеріне қандай талап қойылатынын айтқан еді.

ІІМ-де өткен брифингте ресми өкілге «Аттестация барысында артық салмағы бар полиция қызметкерлері бұрынғыдай жұмыс істей бере ме?» деген сауал жолданды. Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, жоғары дене дайындығы туралы талап полицейлердің барлық лауазымдарына бірдей қойыла бермейді.