450 млн доллар: ArcelorMittal Қазақстандағы тәуелсіз қордан кепілдік алды
ArcelorMittal компаниясы компанияаралық несиені өтеу ретінде жыл сайын төрт бөліп төлейтіндей 450 млн доллар көлеміндегі тәуелсіз қор кепілдік беретін төлем алды. Бұл туралы компанияның корпоративті есебінде жазылған.
ArcelorMittal мен Қазақстан үкіметі Қазақстан Республикасына меншік құқығын беру туралы мәміле бойынша алдын ала келісімге қол қойған еді. Компания 2023 жылғы 8 желтоқсанда Qazaqstan Investment Corporation мемлекет бақылайтын тікелей инвестиция қорына «АрселорМиттал Темиртау» компаниясын сату аяқталғанын хабарлаған еді.
Мәміле бойынша басқару есебінің шарттарына сәйкес, ArcelorMittal жабылған кезде 286 миллион АҚШ долларын және өтелмеген компанияаралық төлемдерді өтеу үшін тағы 250 миллион АҚШ долларын алды. ArcelorMittal тағы компанияаралық несиені өтеу ретінде жыл сайын төрт бөліп төлейтіндей 450 миллион доллар көлеміндегі тәуелсіз қор кепілдік берген қосымша төлем алады, – делінген құжатта.
Компания корпоративті есебінде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының барлық активі «сол күйінде» операциялық негізде берілгенін жазды. Демек, QIC кейін атауы өзгертілген «АрселорМиттал Теміртау» қызметін қадағалау мен жауапкершілігін мойнына алды.
Айта кетейік, Қанат Шарлапаев жаңа инвестор ArcelorMittal Temirtau-ға «Қармет» деген тарихи атауын қайтаруы мүмкін екені туралы болжам жасаған еді.
«Жаңа инвестордың шешімін күту керек. Біздің көзқарасымыз бойынша, «Қармет» тарихи атауын қайтару дұрыс болатын еді. Жұмысшылар мен облыс тұрғындары бізді қолдайды деп ойлаймын», – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.
Бұған дейін «Қармет» тарихы туралы да жазған едік. Өнеркәсіп және құрылысы министрі Қанат Шарлапав компанияның кезінде қаншалық заңды түрде жекешелендірілгеніне қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Оның айтуынша, бұл келісімге қол қойылған 1995 жылдан бері 30 жылға жуық уақыт өткен.
Дегенмен министрдің айтуынша, акционерлердің арасында бұрынғы Президенттің туыстары мен жақындары жоқ.
«ArcelorMittal-дың бізге берген ақпараты бойынша, олар осы кәсіпорынның 100 пайыз акциясына иелік етеді. Бұл акцияларды еш кедергісіз басқаруға толық құқылы», – деді ол.