Швеция ресми түрде НАТО құрамына мүшелікке қабылданды
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Швеция НАТО құрамына ресми кіргенін хабарлады.
2024 жылғы 7 наурызда Швеция Корольдігінің қосылуы туралы Солтүстік Атлантикалық шартқа Хаттаманың II бабында көрсетілген күшіне ену шарттары орындалды. Хаттама 2024 жылғы 7 наурызда күшіне енді,– делінген хаттамада.
Сөйтіп Швеция НАТО құрамына енген 32-ші ел болды. Былтыр сәуір айында НАТО-ға Финляндия кірген еді.
Айта кетейік, ақпан айының соңында Венгрия парламенті Швецияның НАТО-ға өту туралы өтінішін қабылдағанын жазған едік. Мажарстан ұйымға мүше 31 елдің ішінде келісім бермей келген соңғы мемлекет болған еді.
Бүгін – тарихи күн. Қазір НАТО-ға мүше барлық елдің парламенттері Швецияның НАТО-ға кіруіне дауыс берді. Швеция еуроатлантикалық қауіпсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын, – деп жазды Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон.
Еске салайық, 2022 жылғы мамрда Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіруге өтініш берген еді.
Швецияда НАТО-ға кіру туралы шешімді социал-демократтар басқаратын үкімет қабылдайды. Осылайша, іс жүзінде шешімді 2022 жылғы 15 мамырда НАТО-ға қосылуды қолдайтынын жариялайтын Швецияның социал-демократиялық партиясы қабылдады.