Қазақстанда ел азаматтары мен шетелдіктерді тіркеудің жаңа ережесі бекітілді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Ел азаматтары мен шетелдіктерді тіркеудің жаңа ережесі бекітілді/kursiv.media

Ішкі істер министрлігі халықты құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына толықтырулар енгізді.

Министрліктің 2024 жылғы 29 ақпандағы бұйрығымен «ҚР-да тұрақты тұратын шетелдіктерді, азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу», сондай-ақ босқындар мәртебесін алғандарға мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары жаңартылды.

Бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалар келесідей:

  • ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
  • ҚР азаматтарының уақытша тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу;
  • ҚР тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелуі;
  • ҚР тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу;
  • Босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу.

Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін құжаттар «Халықты құжаттандыру және тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.

Аталған қызметтерді аумақтық полиция органдары көрсетеді. Азаматтар тізбе бойынша өтініш пен құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы бере алады. Сондай-ақ портал немесе ақпараттық құралдар (екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелері) арқылы берсе болады.

Бұйрық 2024 жылғы 16 наурыздан бастап күшіне енеді.

Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат алуы үшін шетелдік паспорт қажет. Бұл шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және құқықтық мәртебесін растайтын құжат.

2023 жылдың 6 қаңтар күні ІІМ-нің  бұйрығымен тұрақты тұруға рұқсаттар  ресімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Енді шетелдіктерге тұрақты тұруға өтініш берген күні жарамдылық мерзімі кемінде 180 күнтізбелік күнді құрайтын өзінің шетелдік паспортын ұсыну қажет.

Уақытша тұруға рұқсат алу үшін тұрғын үй иесінің, оның атынан сенімхат бойынша әрекет ететін адамның баруы не болмаса меншік иесінің нотариалды расталған келісімі қажет.

Сондай-ақ оқыңыз