Атырау облысында 2500 га алаңда өртенген қамыс сөндірілді
Атырау облысының Құрманғазы ауданында өртенген қамыс сөндірілді. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.
2500 га алаңдағы өрт 9 наурызда сағат 18-30-да оқшауланды, бүгін сағат 11:00-де жойылды. Өртті сөндіруге ТЖД, Орман шаруашылығы және ЖАО-ның 60-қа жуық адамы, 21 техникасы жұмылдырылды, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2024 жылғы 2 наурыздан бастап Атырау облысы Құрманғазы ауданында Каспий теңізінің жағалауында Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде, Құрманғазы орманшылығы КММ аумағында 1000 га алаңда қамыс өртенді. Елдімекенге қауіп жоқ.
Батпақты жерлерде 20 га аумақта қамыс бықсып жанып жатыр. Жалпы жанған аумақ көлемі – 1000 гектар. Оның ішінде 200 гектар аумақты ТЖД күштері сөндірді, ал 780 гектар өздігінен сөнді.
Былтыр да Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртініп, Атырауды түтін басқан еді. Теңіз жағалауындағы 89 гектар аумақты өрт алды. 3 сәуір күні таңертең 82 гектар жер сөндірілді.
Жағдай ауа райының қолайсыздығына байланысты шиеленісіп, үнемі бағытын өзгертетін қатты жел өрт ауқымын ұлғайтып отыр. Сонымен қатар, батпақты жер балшыққа түсетін техниканы толық пайдалануға мүмкіндік бермейді, – деді «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты бөлім басшысы Ғани Ағыбаев.