Еуропадағы IPO нарығы пандемиядан кейін  ең жақсы нәтижелерді көрсетуде

Жарияланды
Еуропадағы IPO нарығы /Фото: shutterstock

The Financial Times Еуропалық IPO нарығы пандемиядан бері қаңтар-ақпан айларында жақсы нәтиже көрсеткенін айтады. Газеттің бағалауы бойынша, жыл басынан бері компаниялар Еуропадағы листингтерде  3 млрд доллардан астам қаражат жинады.

Листинг — бағалы қағаздарды қор биржасындағы ресми сауда-саттыққа жіберудің, оны қор биржасының баға белгілеу парағына қосу рәсімі.

Толығырақ

Осы жылдың қаңтар айынан бастап компаниялар Еуропадағы IPO-ға 3,2 миллиард доллар жинады. Бұл сома өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі есе көп. Егер осы динамика наурыз айында жалғаса берсе, бұл еуропалық листинг нарығы үшін 2021 жылдан бергі ең жақсы тоқсан болады, деп жазды FT LSEG.

«Біз IPO циклін қалпына келтірудің алғашқы сатысындамыз», — дейді Citigroup компаниясының EMEA үлестік нарықтар бөлімінің бастығы Сунил Харгунани. Инвесторлардың Еуропаға деген сенімі әрбір жаңа листингпен нығая түседі, деп есептейді инвестбанкир.

Еуропалық IPO нарығы өткен аптада Douglas және Galderma биржаға шығу жоспарларын жариялаған кезде жаңа серпін алды, деді FT. CVC инвестициялық компаниясына тиесілі  немістің бьюти-ретейлері Douglas  бизнесті 6 млрд еуроға бағалаған кезде Франкфурт қор биржасында 1,1 миллиард еуро тартуға тырысты.

Bloomberg-тің  мәліметі бойынша, компаниялар 2023 жылы Еуропалық биржаларда IPO-ға шамамен 14 миллиард доллар жинады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 36% – ға аз. Осы жылдың бірінші тоқсанында жағдай өзгерді. LSEG мәліметтері бойынша, Еуропалық IPO-лар биылғы тоқсанда 2015 жылдан бергі кез келген салыстырмалы кезеңге қарағанда көбірек қаражат жинады.

Неміс қорғаныс мердігері Renk мен Афина халықаралық әуежайының акциялары листингтен кейін қымбаттады.

IPO-ға кезек

Негізгі еуропалық қор индекстері, соның ішінде неміс Dax және француз CAC 40 компанияларының акциялары  биылғы жылы рекордттық көрсеткішке  қол жеткізді. Еуропалық еркін айналымдағы акциялар нарығының шамамен 90% – ын қамтитын Stoxx Europe 600 аймақтық индексі биыл 5% – ға, 2023 жылдың басынан бері шамамен 20% – ға өсті.

Егер еуропалық қор нарығы өсе берсе, бірнеше ірі компаниялар IPO-ны өткізуге дайын. Атап айтқанда, Британдық Permira-ға тиесілі итальяндық Golden Goose спорттық аяқ киім бренді және испандық «қолжетімді люкс» өндірушісі Puig листинг жоспарларын жариялады. FT дереккөздері CVC жеке капиталы тобы өткен жылы кейінге қалдырылған IPO жоспарларын қайта бастайды деп мәлімдейді. Ал АҚШ-тағы Greyhound брендіне ие неміс Flix көлік стартапы маусым айында Германияда IPO-ны шамамен 4 миллиард еуроға бағалаумен өткізуді қарастырып отыр.

Айта кетейік, Кейінгі 10 жылда IPO-ға шыққан компаниялардың акциясы инвесторларына қандай табыс алып келді деп жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз